Тарих • 16 Тамыз, 2023
Қожаберген жырау және тарих тағылымы
Ел Үкіметінің қаулысына орай Мәдениет және спорт министрінің «2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығына, туғанына 360 жыл толып отырған жауынгер-жырау Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен қызметіне арналған кең ауқымды іс-шаралар – республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, «Елім-ай» тақырыбында жыр кештерін, ақындар айтысын, ұлттық спорт ойындарын өткізу, кітап көрмесін ұйымдастыру сияқты іс-шаралар қолға алынып отыр.
Парламент • 15 Тамыз, 2023
Парламент Сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарова мен Руслан Рүстемов Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.
Үкімет • 15 Тамыз, 2023
Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамытуға арналған жиын өткізді. Басқосуда мазмұнды әңгіме өрбіді. Елорданың жылдар бойы жинақталған мәселелері де сөз болды.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды.
Ауыл • 15 Тамыз, 2023
Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram каналында арнайы жазба қалдырды.
Еңбек • 15 Тамыз, 2023
«Жұмыс жаннан артық па?». Еңбекқорлықтан пайда да көрген, зиян да шеккен ел
Әлемдегі ең еңбекқор халық қайсы десе, жапон халқы еске түседі.
Заң • 15 Тамыз, 2023
Мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне барудан бас тартуға нұсқау берген түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Тамыз, 2023
Билік тармақтары мен оның барлық деңгейінің бірлескен жұмысы тиімді заңдар қабылдаудың кепілі және оларды орындау елдің одан әрі дамуына ықпал етеді. Сенатор Бекболат Орынбеков бұл жөнінде Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Денсаулық • 15 Тамыз, 2023
Қызылша жұқтырғанның қарасы қалың
Қарағандыда қызылша жұқтырғандар көбейіп тұр. Тамыз айының басындағы дерек бойынша қызылша жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 73 жағдай тіркелген. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанованың айтуынша, 73 жағдайдың 53-і зертханалық талдау нәтижесінде расталып отыр. Қажетті вакцина салдырудан қашқандардың осы дертке тап болып жатқанын да атап өтті сала маманы.
Ғылым • 15 Тамыз, 2023
Тау-кен өндірісін технологиялық жаңғырту жолы
Бизнеске арналған цифрлық шешімдерге сұраныс артып келеді. Ақпараттық технологиялар күшейген сайын отандық компаниялардың бұлт провайдерлерінің Деректер орталықтарында (Data center) орналасқан бұлтты есептеу ресурстарына деген сұраныс та жоғары. Ал цифрландырудың қарқын алуына бұлтты есептеу технологиялары ықпал етеді. Кейінгі жылдары өндірістің әртүрлі саласында цифрлық технологияларды өндіріске кеңінен енгізу қажеттігіне байланысты уақыт пен кеңістікте әртүрлі ішкі жүйені жедел басқару және үйлестіру қажеттігі туындады.