Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23568 материал табылды

Руханият • 26 Сәуір, 2023

Рухани тірек хақында

Нәзік (Морт). Мазасыз (Үрейлі). Құбылмалы. Түсініксіз (Тұңғиық). Бұл – дүниетанушылардың BANI тұжырымдамасы бойынша соңғы 3-4 жылда қалыптасқан әлемді түсіндіру үшін берген сипаттамасы. Осы күрделі заманда біздің қоғам қасіретті қаңтар сынағынан өтті. Екінші жағынан, ғылым мен жаңа технологиялар арқасында адамзат жаңа мүмкіндіктерге де ие болды.

Пікір • 26 Сәуір, 2023

Еркіндік және нарықтық қатынас

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестен аңғарғанымыз: бізде мұн­дай ауқымды іс-шараны ұйымдастырудың жаңа мәдениеті қалыптасып жатыр. Президент енді елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдері­сіне билік­тің барлық деңгейіндегі тармақтары қатысатынын осы фор­­мат арқылы анық аңғартты. Бұл билікті орта­­лық­сыздандыру саясатының басталғанын көрсетті.

Әдебиет • 26 Сәуір, 2023

Сезімі сәруар суреткер

Әдебиет әлеміндегі кез келген құбылысты қалт жібермей қадағалап, таза шығармашылықпен айна­лысуға тіршілік қамыты мойын бұрғызбайтын өлара мезгілде, таланттарымызды құмнан алтын сүзгендей іздеп отыратын мүмкіндіктің қолы байланғанын несіне жасырайын?! Бүгінгі ұрпақтың көзіне мүлде басқа планетада болған қиял-ғажайып ертегідей елестейтін өткен ғасырдың сонау сексе­нінші жылдары жасы елуге келген ақын-жазушы­лардың жетістіктері, шығармашылық табысы, жаңа­лығы мен жеткен биігі жөнінде жанашыр ағалары салиқалы сөз бастап, соңынан ерген інілері қостап, мақалалар жазылып, дүние дүркіреп жататын.

Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Z ұрпақ: Интернетті қолдану мен еңбек нарығы

Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің әлеуеті басым. Содан болар Z ұрпақ ғаламторда коммуникация құралы ретінде интернет-мемдерді (ағыл. meme – интернетте тарайтын тапқыр, кекесінді мағына беретін сурет немесе бейнежазба түріндегі ақпарат) жиі қолданады. Аталған буынның еңбекке деген көзқарасы да зерделеуді қажет етеді. Z ұрпақтың осы және өзге ерекшеліктерін «Global Web Index» (GWI) пен «Randstad» атты екі компания сауалнама нәтижесінде анықтады.

Руханият • 25 Сәуір, 2023

Кішілік пен кісілік

Таяуда қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналист – өмір бар­лау­­шысы. Журналистика – өмір мектебі» атты сұхбат кітабы жарық көрді. Оның кейіпкері – төл баспасөзімізде 48 жыл тынбай еңбек еткен кәсіби журналист Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Өмірден көргені мен түйгені мол аға буын өкілінің авторға диалог, интервью түрінде айтқан әңгімелерінде кешегі заман, бүгінгі қоғам жөніндегі ойлары ешкімді енжар­ қалдырмаса керек. Кейіпкердің, әсіресе қазіргі қазақ рухания­тын­дағы тұлғалар, олардың орны мен рөлі туралы түйіп айтқан толғамдары ерекше.

Егемен Қазақстан • 25 Сәуір, 2023

«Хат қоржын»

Жәдігер • 25 Сәуір, 2023

«Бөстек»

Сәбит Мұқановтың музейіндегі қонақ бөлменің төрінде жатқан аюдың терісіне алпыс жылдан астам уақыт өтіпті. Айтсаң, аңыз сияқты.

Руханият • 25 Сәуір, 2023

Ұлт этнографиясының қайраткері

Қазақ халқының тұрмыс-салты, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, қолөнері – тұтас болмысының бір бөлігі. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың ұлан-ғайыр тарихымен тығыз байланысты. Қаншама уақыттан бері халықтың осынау рухани, заттық мәдениеті толыққанды зерттелмей келді. Оның түрлі объективті және субъективті себептері болды. Басты себептердің бірі – ұлттың біртұтас, іргелі қоныстану жағдайының өзгеріске түсуі, этномәдени ортасының бүлінуі еді.

Тұлға • 24 Сәуір, 2023

Мәтінге мән берсек...

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэ­зиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.

Экономика • 24 Сәуір, 2023

Еңсемізді басқан импортқа тәуелділік

Импортқа тәуелділік Үкімет пен экономика үшін «Ахиллес өкшесі» екені сарапшылар қауымына белгілі. Импорттың орнын отандық өніммен алмастырамын, яғни отандық өндіріс ашамын деп сол салаға қаржыны аямай құюы керісінше импортты асқындырып жіберген кездері аз емес.