
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Бізді мемлекеттік тіл топтастырады
Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты – еліміздегі барша ұлттардың басын қосып, мұраты бір, тағдыры ортақ жұртқа айналдыру. Қазір біз сол алға қойған мақсаттың орындалғанын, Ассамблея жұмысы өз нәтижесін бергенін көріп отырмыз. Өйткені Қазақстан халқы бір шаңырақтың астында бір отбасының баласындай тату-тәтті өмір кешіп келеді.
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Бірқатар өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілдің дамуына нақты үлесін қосып, тәп-тәуір қазақ тілінде сөйлеп те, жазып та жүр. Осындай азаматтардың ісі – көпке үлгі. Кейінгі жылдары қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейіп келеді. Осындай азаматтарды мыңдап мысалға келтіруге болады.
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Жастар да жаңашылдыққа үн қосады
Ассамблеяның екі күнге жалғасқан басқосуында көпті толғандырған өзекті мәселелер айтылды. Ұсыныстар да енгізіліп жатыр. Мәселен, мәдениет пен өнер, әдебиет және журналистика саласында екі жүлде тағайындалатын болды. Бұл этносаралық достықты нығайтуға әсер ететін әндердің, мақалалардың жарық көруіне септігін тигізеді.
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Ассамблеяның осы сессиясында бүтін халқымыз үшін терең дүниелер көтерілді. Осы тұста біз қазақ халқы деп төлқұжатына қарамай, ұлан-ғайыр атырапта тұратын, елдің төл дәстүрімен сусындап өскен, оның болмысы мен дүниесін бойына сіңірген азаматтарды айтамыз.
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Қазақстанда қуғын-сүргін жылдары депортацияланған корей этносының төртінші буыны өмір сүріп жатыр. Ата-бабаларымыз сонау 1937 жылы Қиыр Шығыстың шекаралық аймақтарынан жер аударылып келген.
Пікір • 27 Сәуір, 2023
Толеранттылық бар жерде теңдік бар
Бүгінгі таңда бейбітшілік пен бірлік тек елімізде емес, әлемде де өзекті. Әділетті Қазақстанды құру, татулықты сақтау, өзара сыйластықты нығайту біздің жаңа қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін әрқайсымыз жүрекпен сезінеміз.
Инвестиция • 26 Сәуір, 2023
25 кен орнына инвестиция салынады
Жуырда елордада «MINEX Kazakhstan-2023» XIII тау-кен геологиялық форумы өтті. Бұл – жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара.
Халық • 26 Сәуір, 2023
Жәдігер • 26 Сәуір, 2023
Қалалық мемлекеттік архив қорында жұмыс жасаған уақытымда «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінің 1959 жылдың 15 мамыр күнгі санында «Айша – қыз» атты әнге кезіктім. Әнін «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқов, өлеңін ақын Берқайыр Аманшин жазған. Бұл әннің бұрын-соңды радио, теледидар, сахнада орындалғанын мүлдем естімеген соң, қызығушылығымды тудырғаны. Ән туралы атақты композитор Ілия Жақанов ағамыздан сұрағанымызда, ол кісі Шәмшінің күні бүгінге дейін жарыққа шықпаған, жоғалып кеткен белгісіз әндері бар екендігін жоққа шығармады. Сонау 50-жылдардың аяғында жарияланған аталған әнді естімегенін айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаева да бұл әннің қорда жоқ екендігін айтады.
Тарих • 26 Сәуір, 2023
Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.