Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3704 материал табылды

Тағзым • 26 Тамыз, 2025

Мәдениеттің жаршысы да, жанашыры да еді...

Ол жаңа­лық­тың жаршысы, өнер мен мәдениет­тің қамқор тұлғасы еді.  Театр мен драматур­гия­ның өзекті мәсе­ле­лерін бір адамдай түсініп, тұшынып жазатын.

Тағзым • 26 Тамыз, 2025

Өрісті өнеге қалдырған

Қазақ журналистикасы талантты бір аяулы жаннан ­айырылды. Танымал журналист, «Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкері  Айгүл Аханбайқызы дүние салды.

Тағзым • 26 Тамыз, 2025

Қаламгерлік қолтаңбасы ұмытылмайды

Аса күрделі 90-жылдардың ортасынан бері ұлт баспасөзі­нің алғы шебінде жүріп, бар бі­лімі мен білігін замандастары­мызды ағартуға, интеллектуал­дық деңгейін көтеруге аянбай жұмсаған Айгүл Аханбай­қызы­ның ауыр қазасын күйзе­ліспен қабылдадым.

Университет • 23 Тамыз, 2025

Манас елінде ЕҰУ филиалы ашылды

Бішкек қаласында Еуразия ұлттық университетінің Ош мемлекеттік университеті базасындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ұйымдастырылды.

Пікір • 23 Тамыз, 2025

Басты мақсат – Орталық Азиямен байланысты одан әрі нығайту

24–26 тамыз аралығындағы Қазақстанға сапарым Жапония Сыртқы істер министрі ретінде кейінгі үш жылдағы алғашқы сапарым болғалы тұр. Көптен бері көкейімде жүрген сапарымды жүзеге асыратыныма қуаныштымын.

Спорт • 23 Тамыз, 2025

Боччадан халықаралық турнир басталды

Астанада алғаш рет боччадан «Astana 2025 World Boccia Challenger» беделді халықаралық жарысы өтіп жатыр. Сайыс Халықаралық бочча федерациясының (BISFed) қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Турнир барысында әлемнің 12 елінен келген спортшылар бақ сынайды. Жарыстағы көрсеткіштеріне байланысты оларға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпайлар беріледі. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сара­йында жалауы желбіреген іргелі сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.

Үкімет • 23 Тамыз, 2025

Ұлттық сапа орталығының қызметі жүйеленеді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автожолдың сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттер ескеріліп, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспары қаралды.

Үкімет • 22 Тамыз, 2025

Сирек металдар өндірісі жүйелі дамытылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген аталған салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асты.

Басылым • 22 Тамыз, 2025

Құнды зерттеу

Отандық тарих пен тұлғатану мәселелерін терең зерттеп жүрген ғалым Ілияс Қозыбаевтың «Силуэты: история XX века в судьбах и документах» атты зерттеу кітабы – түрлі қайраткерлер өмірі мен қызметінің жаңа қырынан құжаттарға сүйеніп талдаған елеулі жұмыс.

Үкімет • 21 Тамыз, 2025

Ауызсумен қамту жөнінде есеп берді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшы­сының халықты 100% ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау барысы бойынша кеңес өткізді.

Яндекс.Метрика