Сурет: primeminister.kz
Р.Скляр «Шелл» компаниясының еліміздің дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, өзара ынтымақтастық 30 жылдан астам уақытқа созылғанын, мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі жобаларды қамтитынын атап өтті. Негізгі жобалардың қатарында «Шелл» концернінің Қарашығанақ, Қашаған сияқты маңызды кен орындарын игеруге қатысуы бар.
Сюзанн Куган өз кезегінде «Шелл» компаниясы қосымша жаңа жобаларға инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті. Еліміздің мұнай-газ резервтерін кеңейтуге үлес қосу үшін осы салада Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.
Бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан компанияның озық технологияларын тартуға және бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделі.
Кездесуде екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әрі бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруды жалғастыруға сенімді екенін білдірді.