Егемен Қазақстан • 28 Маусым, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетін не үшін оқисыз? Қай мақала ойыңыздан шықты? Қандай тақырыпты оқығыңыз келеді?
Пікір • 28 Маусым, 2024
Елге керегі – сапалы қазақша контент
Отандық журналистиканың абырой-беделі туралы айтқанда, желіні кем дегенде «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газетінен», кешегі «Қазақ» пен «Айқаптардан» тарту керек. Десек те, тәуелсіздік тұсындағы журналистиканың жөні бөлек. 90-жылдардан бері отандық журналистика қоғаммен бірге өсіп, өзгеріп, құлдырап, қайта түлеп, түрлі қиындық пен кедергіні еңсеріп келеді. Кәсіби журналистер бұл саланы тастап, олардың орнын басқа саланың адамдары басқан кез де болды.
Тарих • 27 Маусым, 2024
«Саған да сонша құмартып, Жалыңнан жаңа ұстап ем. Жалт беріп, өте шығатын, Жас ғұмыр сонша қысқа ма ең?» Сағи «Тұрдым бір жардың шетінде» атты арманшыл әрі торығуы басым жырын осылай түйіндепті. Жаратылысында бір ерекшелігі бар адамның өз тағдыры туралы да көріпкелдік қасиеті болады деуші еді. Ғұмыр жолының ұзақтау болғанын қалағанымен, тағдырының тұйыққа тірелерін сезгендей-ау.
Мәселе • 27 Маусым, 2024
Жастардың шетелге кетуі азаймай тұр
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – түрлі бағдарламамен шетелге оқуға барған жастарымыздың елге қайтып оралмай, сол жақта қалып қоюы. Бұл үрдіс жылдан-жылға көбейіп келеді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2024
Қызбелге қашан асфальт жол төселеді?
Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов былтырғы жылдың аяғында Жанкелдин ауданында өткізген актив жиналысында 2024 жылы Тоқанайдан Қызбел аулына шекті тасжол төселетінін айтып, дүйім елді қуанышқа бөлеп тастап еді. Халық кәдімгідей сүйіншілесіп, мәре-сәре болып қалған-тын.
Руханият • 27 Маусым, 2024
Мақтымқұлы мен Абай: дүниетаным сабақтастығы
Түркіменнің ұлы ақынының туғанына 300 жыл толуына орай, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 2024 жылды Мақтымқұлы жылы деп жариялады. Күллі түркі әлемі атап өтіп жатқан ақынның 300 жылдық мерейтойы қазақ елінде де кеңінен аталып жатыр. Мақтымқұлы бұрындары түркімендер арасында кеңінен танымал болса, уақыт жылжып, замана алға жылжыған сайын ақынның артына қалдырған рухани мұрасы түркі әлемінің, одан қалды әлемдік әдебиеттің тарихынан өзіне лайықты орнын иелене бастады.
Оқиға • 26 Маусым, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау: Қостанайлық отбасы жаңа пәтерге ие болды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының «Жомарт жан» гуманитарлық орталығы аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» қоғамдық қоры Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жайлы баспана алып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 26 Маусым, 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы – ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің жедел қызметіне мамандар даярлайтын еліміздің элиталық, бірегей және жалғыз оқу орны. Бүгінгі күннің академия түлектері – өз білімін, шеберлігі мен дағдыларын қазіргі заманға сай қолдануға қабілетті, жан-жақты дамыған парасатты офицер. Ең алдымен, Отанға, халқына, қызметке адал.
Саясат • 26 Маусым, 2024
Басты басымдық – азаматтар сенімі
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанға ресми сапары аясында Үндістан Республикасының сайлау жөніндегі Бас комиссары Раджив Кумармен кездесті.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Дарынды жастар цифрлық киіз үйде бас қосты
NU орналасқан цифрлық киіз үйде тамаша іс-шара өтті. Онда аталған жоғары оқу орнын әр жылдары бітірген түлектер бас қосты. Сондай-ақ биыл әлемдегі үздік университеттердің 30 пайызының қатарына кіретін NU оныншы бітірушілер легіне диплом табыс етілді. Мазмұнды іс-шара барысында университет түлектері өздерінің іске асырып жатқан іргелі жобалары туралы әңгімеледі.