Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24750 материал табылды

Қаржы • 02 Шілде, 2024

3,3 мыңға жуық қызметкер үстемеақы алады

Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат­ты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаржы • 02 Шілде, 2024

Қыркүйектен бастап шәкіртақы көбейеді

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды.

Әдебиет • 02 Шілде, 2024

Қазақстанда «Си Цзиньпиньнің сүйікті қанатты сөздерінің» үшінші маусымы қазақ тілінде эфирге шығады

ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пиньнің мемлекеттік сапары кезін­де Қазақстан БАҚ-та­рында «Си Цзиньпинь­нің сүйікті қа­натты сөздерінің» үшінші маусымы қа­зақ тілінде эфирге шығады.

Жәдігер • 02 Шілде, 2024

Батыр бейнесі

Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткенұлы 1913 жылы 16 ақпанда Пав­ло­­дар облысының Красно­кутск ауданындағы (қазіргі Ақтоғай ауданы) Чкалов кең­шарына (қазіргі Мүткенов ауылдық окру­гі) қарасты №16 ауылда (қазіргі Шоқ­пар аулы) дүниеге келіп, 1944 жылы Украина жерінде ерлік­пен қаза тап­қан.

Ғылым • 02 Шілде, 2024

Тұңғыш ұлттық ғылыми мектеп

Қалыптасуы және негізгі ерекшелігі Классикалық ғылымдардың тууы мен қалыптасуы сияқты ғылыми мек­теп­тердің пайда болуы көне антика заманына және ренессанстық дәуірлерге тән. Зерттеулерде алғашқы ғылыми мек­­­теп ретінде Аристотельдің б.д.д.

Пікір • 29 Маусым, 2024

Балық та ауырады

Балықтың инвазиялық аурулары – балық өнімділігін те­жейтін басты фактор. Сондықтан балық өсетін су қой­маларында ихтиопаразитологиялық жағдайды дер кезінде айқындап, табылған ауру түріне қарсы күрес жолдарын ұйымдастыру өте маңызды. Елімізде балық ресурстарына бай ірілі-ұсақты 48 262 көл мен 85 мың өзен бар. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн гектар шамасында.

Аймақтар • 29 Маусым, 2024

Су басқан саяжай тұрғындарына пәтер берілді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысында су тас­қынынан зардап шеккендерге салынып жатқан тұрғын үй­лер құры­лысының қарқыны мен сапасын тексерді, сондай-ақ Қа­ра­­төбе, Сырым және Теректі аудандарының тұрғындарымен кез­десті.

Пікір • 29 Маусым, 2024

Шынайылық маңызды

«Бұқаралық ақпарат құралдарының беделі немен өлшенеді?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. Бұл орайда ойымызға бірден ауди­то­рия­ның ауқымы, тұрақтылығы, сенімі оралатыны анық. Көрермені, оқыр­маны, тыңдарманы көп БАҚ беделді. Ал бедел ақпарат құра­лы­на не береді? Ақша береді. Жарнама, гранттар һәм тікелей мем­ле­кет­тік тапсырыс.

Пікір • 29 Маусым, 2024

Заман талабына сай заң

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Масс-медиа туралы» заң көпшіліктің ұзақ талқылауынан өтті. Себебі бұл құжаттың қоғам өміріндегі маңызы жоғары. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның сонау 1999 жылы әзірленгенін және ширек ғасыр ішінде БАҚ кеңістігінің айтарлықтай өзгергенін ескере отырып, ескі заңға өзгеріс енгізбей, жаңасын жазу тиімді болды.

Пікір • 29 Маусым, 2024

Журналист – қоғамның үнін жеткізуші

БАҚ беделін сөз бостандығынсыз елестету мүмкін емес. Себебі жур­на­листиканың қоғамдағы беделі шығармашылық еркін­дікпен тікелей байланысты. Екіншіден, жекеленген БАҚ-тың эти­каға аса мән беруі де қолына қалам ұстаған қауымның мәртебесін айқындап береді.

Яндекс.Метрика