Айбын • 26 Маусым, 2024

Арнаулы қызмет академиясы

105 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы – ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің жедел қызметіне мамандар даярлайтын еліміздің элиталық, бірегей және жалғыз оқу орны. Бүгінгі күннің академия түлектері – өз білімін, шеберлігі мен дағдыларын қазіргі заманға сай қолдануға қабілетті, жан-жақты дамыған парасатты офицер. Ең алдымен, Отанға, халқына, қызметке адал.

Арнаулы қызмет академиясы

Шынында, арнаулы қызметтегі жұ­мыстың өнімділігі, табыстылығы мамандар құрамына байланысты. Себебі ұлттық қа­уіп­сіздік органдары қызметкерлерінің жо­ғары кәсібилігі ғана мемлекетті сенімді қорғауды қамтамасыз ете алады. Міне, осындай жауапты салада ҰҚК академиясы 50 жылдан бері мамандар даярлап келеді.

Бұл бірегей мекеменің тарихы 1974 жылғы 5 тамызда КСРО Мемлекеттік қа­уіпсіздік комитетінің төрағасы Юрий Андроповтың бұйрығына сәйкес, Алматы қаласында мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және жедел құрамдарының білімін жетілдірудің тұрақты жұмыс істейтін курстары құрылған кезде бас­талды. Дәл осы курстардың ашылуы­нан академияның елдің қауіпсіздік орган­дарының тұрақты жұмыс істейтін оқу орны ретіндегі тарихы жазылады.

Бес жылдан кейін, 1979 жылғы жел­тоқсанда ішкі және сыртқы саяси жағ­дайдың динамикасына сәйкес курстар КСРО МҚК кадрларының біліктілігін арттыру жоғары курстары болып өзгер­тіл­ді. Жоғары курстарды Қазақ КСР-ның әртүрлі өңірлерінде МҚК облыстық басқармаларын басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар беделді қарсы барлаушы, Қазақстанның алғашқы генералдары­ның бірі – генерал-майор Сафа Ғазизов басқарды.

1983 жылы КСРО МҚК Жоғары курс­тары мәртебесін алып, жедел-техникалық бейіндегі қызметкерлерді қайта даярлайтын және біліктілігін арттыратын жоға­ры оқу орнының құқығында жұмыс істеді. Оқу орнын жеті жыл бойы генерал-лейтенант Василий Шевченко басқарды. Қазақ КСР МҚК-нің бұрынғы төрағасының осы лауазымға тағайындалуы, кеңес одағы­ның мемлекеттік қауіпсіздік жүйесіндегі жоғары курстардың рөлі мен құндылығын көтеруде маңызды болды.

Жеке құрамды оқытудың неғұрлым ауқымды міндеттерін шешу үшін оқу орны профессорлық-оқытушылық құрамынан бастап материалдық-техникалық базасына дейінгі барлық бағыт бойынша күшейтілді. Мұның бәрі ҰҚК академиясының болашақ дамуының негізін қалады.

1980-1990 жылдардың басында Алма­тыдағы КСРО МҚК Жоғары курста­ры кеңес одағы мемлекеттік қауіпсіздік ко­ми­­тетінің жедел қызметкерлерін даяр­лау жү­йесіне енгізілді. Мұндай кадр­ларды даяр­лау және біліктілігін арттыру мін­деттерін атқаратын жоғары оқу орындары бірқатар басқа қалаларда (Горь­кий, Киев, Ленинград, Минск, Мәскеу, Новосібір, Ташкент, Тбилиси) жұмыс істеді.

Сонымен қатар 80-жылдардың аяғын­да Жоғары курстарды басқарған пол­ков­ник Владимир Шигин де оқу үде­рісін көп салалы ұйымдастыру мен мате­риалдық-техникалық базаны дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Сол кездің өзін­де оқу орнында кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың нақты жұмыс істейтін жүйесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасының арнаулы қызметі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған 1990 жылдың басында оқу ор­нының өмірінде жаңа дәуір басталды. Білікті оқытушылардың жетіспеушілігіне байланысты оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын тәжірибелі жедел қыз­меткерлермен, азаматтық бейіндегі оқу орындарының мамандарымен толықтыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды.

Осы уақытта оқу орнын педаго­гика­лық жұмыс пен ғылыми қызметтің ерекше­ліктерін жете түсіне білетін көрнекті бас­шы – генерал-майор Тоқтархан Нұрах­метов басқарды. Оның кәсіби және жеке қасиеттерінің арқасында іс жүзінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті білім беру жүйесі мен ғылымының іргетасы қалыптасты.

1992 жылдан бастап оның басшы­лы­ғымен Жоғары курстарды университет деңгейіндегі толыққанды жоғары көп­салалы оқу орнына айналдыру үшін қайта құруға мүмкіндік беретін ауқым­ды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, 1994 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Респуб­ликасы Ми­нистрлер кабинетінің қау­лысы негізінде Жоғары курстар базасында ҰҚК институты құрылды. Қазақстанның қауіпсіздік органдарына жоғары білікті кадрларды даярлау ісінде жетекші жоғары оқу орны болу үшін оның бірінші басшылығы, атап айтқанда, ҰҚК институтының бас­тығы генерал-майор Тоқтархан Нұрах­метов, оның орынбасарлары генерал-майор Р.Т.Тілебалдинов, полковниктер В.М.Шищенко, О.Т.Ниткалиев, Х.Ж.Дос­баев, Ю.Ф.Пластовец, сондай-ақ З.Ғ.Қа­зиев, Т.С.Темешев, М.Б.Трофимов сияқты басшылар үлкен жұмыс атқарды.

ҰҚК институтында жоғары заң білімі бар, әртүрлі бағытта жұмыс істей алатын шет тілдерін білетін құзыретті офи­церлерді – жедел қызметкерлерді даяр­лау қолға алынды. Ол үшін оқу орны­ның құрылымы мен оқыту мазмұны жетіл­дірілді.

Ұлттық қауіпсіздік органдары жедел қызметінің қажеттілігіне сәйкес келетін арнайы пәндердің бірыңғай, өзара байланысты жүйесі құрылды. Оқытудың жаңа әдістері енгізілді, оқытылатын құқық­тық, гуманитарлық, тілдік және психо­логиялық пәндердің құрылымы, маз­мұны мен көлемі түзетілді, бұл түлек­тердің теориялық және практикалық даяр­лығының сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Оқу құралдарының, монография­лар­дың және басқа да әдістемелік, ғылыми әдебиеттердің жаңа топтамасы әзірленді. Ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар өткізіле бастады. Оқу орнының базасында алғаш рет жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға мүм­кіндік беретін мамандандырылған диссертациялық кеңес ашылды.

Бұл жұмысқа мол практикалық тәжі­рибесі бар оқытушылар, оқу орнындағы білім беру қызметін жетілдіруге өз білім­дері мен күштерін берген ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың қатарына Б.Ш.Бұл­дыбаевты, А.Т.Қосаманованы, Ю.Ш.Жұмаевты, С.П.Гавриленконы, О.А.Гри­цаенконы, Б.Х.Нығметовті және басқа да ғалым-ұстаздарды атауға болады.

Қазақстан Президентінің 1999 жылғы 6 мамырдағы институтты Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік коми­теті­нің академиясы етіп қайта құру туралы Жар­лығы сапалы жүргізілген жұмыстың заңды қорытындысы болды. Академияның жоғары кәсіби білім берудің стандарттары бойынша білім беруге көшуі, даярлықтың қажетті деңгейі мен сапасына кепілдік беруге, мамандарға ведомстволық білікті­лік талаптарын іске асыруға, түлектерге мем­лекеттік үлгідегі дипломдар беру құқығын растауға мүмкіндік берді.

ҰҚК академиясындағы оқу үдерісінің ерекшелігі оның барлау, қарсы барлау, терроризмге қарсы, ақпараттық қауіп­сіздік және елдің ұлттық қауіпсіздігін қам­тамасыз етудің басқа да маңызды салалары үшін кадр­ларды мақсатты даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегейлігінде жатыр.

Осы уақыт аралығында ҰҚК акаде­миясы даңғыл да, дара жолдан өтті. Арнаулы көпсалалы оқу орны ретінде еліміздің ұлт­тық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ғылым мен білімнің орталығы ретінде қалыптасты.

Қазіргі уақытта ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант Е.Сағымбаевтың тапсырмасы бойынша жоғары оқу орнын озық халықаралық стандарттар мен прак­тикаларға сәйкес келетін, қазіргі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке қарсы іс-қи­мылға, сондай-ақ іргелі білім беруді кү­шейту, жаңа білім беру технологиясы мен үдерісін енгізу жолымен мемлекет пен қоғамның даму шындығына бейімделген мамандар даярлауды қамтамасыз ететін инновациялық үлгідегі оқу орнына трансформациялау жүзеге асырылып жатыр.

Ел Президенті Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардың ұлттық мүдделерді қамта­масыз ету мәселелеріндегі шешімдері сапалы ғылыми сүйемелдеуге, мұқият пысық­талуға, ғылыми көзқарас тұрғысынан негізделуге тиіс екенін ерекше атап көр­сетеді. Мемлекет басшысының тағы бір талабы – елімізде жасанды интеллектінің жедел дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі. Осы тұрғыда Академия ҰҚК-нің кейбір бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, аталған салада ведомстволық ғылым мен білім беруді дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр.

Академия Қазақстанның серіктес мемлекеттері арнаулы қызметтерінің бейінді жоғары оқу орындарымен тәжі­рибе алмасу, білім беру қызметтерін көр­сету саласындағы халықаралық ынты­мақтастықты қолдайды және дамытады. Біздің жоғары оқу орны­ның шетелдіктерге ұсынатын білім беру курстары мен практикалық тренингтері­нің жоғары деңгейі достық ниеттегі шетел­дік арнаулы қызметтерден оқуға өтінімдер санының жыл сайынғы өсуімен расталады.

Академия – отандық әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының бел­сенді мүшесі. Білім беру, ғылыми және тәр­бие үдерісінде жалпы қағи­даттарды қолдану болашақ офицерлерді даярлау, отандық ғылымның ведомство­лық салаларын дамыту мәселелеріндегі тәсілдерді белгілі бір дәрежеде үйлестіруге мүмкіндік береді.

Профессорлық-оқытушылық құрам­ның жоғары кәсіби шеберлігі, оқытуды ұйымдастыру және оқу үдерісін басқару деңгейі академияны дамытудың, оның елдегі жоғары оқу орындары арасындағы беделін арттырудың заңды үдерісі екендігі сөзсіз. ЖОО еліміздің ірі ғылыми-білім орталықтарының қатарына кіреді және жыл сайын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатарын Отанға адал қызмет ету – кәсіби және өмір жолының негізі болып табылатын жас ұрпақпен толықтырып отырады.

 

Ахат Мұқашев,

ҰҚК академиясының бастығы, генерал-майор, заң ғылымдарының докторы