
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Сынақтан зардап шеккендерді қолдау маңызды
1992 жылы 18 желтоқсанда «Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң қабылданды. Кейін бірнеше бапқа өзгертулер енгізілген. Алайда ядролық сынақтардың зардабын тартып отырған жұрт мемлекеттен алуға тиіс әлеуметтік көмекке әлі де толық көлемде қол жеткізген жоқ.
Құқық • 29 Тамыз, 2024
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
Еліміздің ең басты құжатында баяндалғандай, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең құнды қазынасы. Түп негізін Конституциядан алатын заңдардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, құқығы мен бостандығын сақтап, қалыпты жағдайда өмір сүруіне алғышарт болуға тиіс. Екі жыл бұрын 5 маусымда өткен республикалық референдум да адам құқының әділ қорғалуына жол ашқан маңызды шешім болды. Конституциядағы соңғы өзгерістер елді демократияландырып, азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толғалы отыр. Жылдар ағымына сай бағамдайтын болсақ, бұл аса көп мерзім емес. Сәйкесінше, Конституциямыз әлем елдері ішінде ең жас заңдардың санатына жатады. Дегенмен осы уақыт ішінде адам құқықтары мен міндеттерінің өзара үйлесімдікте болуының алғышарттарын қалыптастырушы құнды құжат қоғамдағы өз орнын, өз өміршеңдігі мен мән-маңызын айшықтап үлгерді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысына жаңа спорт кешенін тарту етті
Еліміздің ұлттық әл-ауқат қоры өңірлердің спорт инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортпен айналысуымен жағдай жасап келеді. Сондай жаңа нысандардың бірі «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен Абай облысы Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде іске қосылды.
Тарих • 29 Тамыз, 2024
Семейдегі ядролық әскери полигонның зардабын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Ал бүгін – осы полигонның жабылған күні. Қазақ жерін қырық жылдан аса уақыт уға бөктіріп, талайдың ғұмырын қиған, қаншама жанның жүрегіне жазылмас жара салған тажалды еске алу да оңай емес.
Тәрбие • 29 Тамыз, 2024
Ауылда өстік, әке тәрбиесі мен өсиетінен туған жер мен бабалар өнегесін бойымызға сіңірдік. Ауылда үлкеннің орны ерекше еді. Ол – көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, ойлы, орны ерек кісі. Сөзі мәнді, өмір бұлтарыстарында орынды бағыт беруші, үлкенге де, кішіге де лайықты жол көрсетуші. Әр отбасында болатын қиындықтар ауыл ақсақалының назарынан тыс қалмайтын. Қажет болса, баршаны сол түйткілдің шешімін табуға ұтымды жұмылдырады. Екеуара болып жататын кейбір ренжісулерді де ауыл ағасы дер кезінде шешіп, тыйып, тоқтатып жатады.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Әлемді алаңдатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі елімізде де өзектілігін жойған жоқ. Тіпті бұл мәселеге Мемлекет басшысы да тереңірек мән беріп, зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтетін заңға қол қойды.
Мектеп • 28 Тамыз, 2024
Мектепке дайындық – мектеп табалдырығын аттайтын балалар мен олардың ата-аналары үшін өте маңызды мәселе. Біз бұл жерде оқушыны киіндіру немесе оқу құралдарын түгендеу туралы емес, кәдімгідей сабақ оқуға даярлық жөнінде айтып отырмыз. Осыған орай елімізде «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылды.
Тарих • 28 Тамыз, 2024
Кешегі кеңес өкіметі кезінде де ел жағдайына елеңдейтін, халық үшін бәрін де берем дейтін, еңбегін ақ жүріп, адал атқарған, сөйтіп, мықты басшы деген атты алған азаматтар аз болған жоқ. Солардың бірі – Жамбыл облысындағы шалғайда жатқан Мойынқұм ауданына ширек ғасырға жуық жемісті жетекшілік еткен соғыс ардагері Айтбай Назарбеков.
Пікір • 28 Тамыз, 2024
Сот жүйесін реформалау кімге керек?
Қазақстан Республикасы судьялар қауымдастығының III съезі өткеннен кейін осы уақытқа дейін жүргізілген сот реформасының жетістігі мен кемшілігін талдап, талқылап «Сот жабық корпорация емес» деген тақырыпта республикалық баспасөз бетінде («Ana tili» №44 (1564) 29 қазан–4 қараша, 2020 жыл) сыни мақала жарияланған болатын. Мақала Президент назарына ілігіп, сол кездегі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа бірқатар тапсырма берген еді. Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізіліп, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жаңа толықтырулар енгізуге ұсыныстар да жасалды.