Үкімет • 07 Ақпан, 2025

Атом энергетикасын дамытудың маңызы зор

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

Атом энергетикасын дамытудың маңызы зор

Сурет: primeminister.kz

Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылу көзделген.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр станса­сының құрылысы бойынша әле­уетті жеткізушілермен жүргізіл­ген келіссөздер туралы баяндады.

Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамта­масыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды.

Сондай-ақ атом ғылымын, сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту­дың келешегін талқылады. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Тимур Жантикин, Ұлттық ядролық орталығының басшысы Эрлан Батырбеков, Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев сараптамалық көзқарастарын ортаға салды.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше