Фото: gov.kz
Қолына домбыра алғандар арасында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов та болды. Салтанатты іс-шара ресми түрде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Әлемдік рекордты растайтын сертификат облыс әкіміне табысталды.

Өңір орталығында Наурызға орай алаңда 10 ақшаңқан киіз үй тігілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Концерт қойылып, ұлттық ойындар ойнатылып, жәрмеңкелер ұйымдастырылды.
Тәулік бойы үзіліссіз жырлады: Ақтөбелік жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз - береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы, жақсылықтың жаршысы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен төл мерекеміз жаңа мазмұнда, жаңа сипатта тойланып келеді. Әр шаңыраққа құт-береке, шаттық пен қуаныш тілеймін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», деді Нұрымбет Сақтағанов.