Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап төрт минут ішінде оқиға орнына жеткен. Жарылыс салдарынан өрт тұтанып, пәтер ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық заттарды шарпыған. Жоғарғы қабаттарда қалған 5 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың бір бөлігі өз бетімен сыртқа шықса, енді бірін полиция қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірген.
Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, олардың 5-і – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілген. Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Қазір жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.