
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020
МӘМС: 2020 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектер
МӘМС жүйесін енгізу кезінде балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.
Спорт • 13 Қаңтар, 2020
«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Роман Григорчук елордалық «Астана» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
16 қаңтардан бастап теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Алматы әкімдігі жеке жер телімдерін нарық бағасы бойынша сатып алады
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында әкімдіктің жаңа құзыреті туралы әңгімеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Н.Мұқышев Ақтөбе облысының тұрғындарына АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) жаңа форматын тағайындау тетіктерін және көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Түркістан: Мәжіліс депутаттары Сарыағаштағы кәсіпорындарды аралады
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сарыағаш ауданына іссапармен келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Қарағанды облысында жол жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Биыл Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы аппарат кеңесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев мәлім етті деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Спорт • 13 Қаңтар, 2020
Лозаннада биатлон бәсекесі аяқталды
Бүгін Лозаннадағы жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиадада қазақ биатлоншылары аралас эстафетада 8-орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020
Қазақстанда 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуді мақсат ететін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысында республика бойынша барлығы 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 115 800 пәтер. 2018 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 104,9% құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020
Еліміздегі үш ірі қала әкімдіктерінің құзыреті кеңейтіледі
Заң шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерінің, оның ішінде басқарылатын урбанизация шеңберінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы, сәулет келбеті саласындағы құзыретін кеңейту бойынша түзетулер енгізілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.