
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады
Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданына жұмыс сапары барысында Мүткенов ауылдық округінің Жаңабет ауылындағы Қ.Нығманов атындағы орта мектепте болды. Депутаттарға қазіргі заманғы талаптарға сай қосымша жаңа корпустар мен спорт залдары көрсетілді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2020
Барлық отбасы мүшелері АӘК алу құқығынан қандай жағдайда айырылады?
Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2020
Елорда көшелерінен 15 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020
Ауыл кітапханалары айрықша назарда
Биыл Павлодар өңіріндегі елді мекендердің кітапханаларына ерекше көңіл бөлінбек. Осыған орай С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы 2020 жылды «Ауыл кітапханаларының жылы» деп белгіледі.
Тағайындау • 14 Қаңтар, 2020
Алмабек Марс АШМ комитет төрағасы болып тағайындалды
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 2020 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2020
Марғұлан Баймұхан Дирк Виземен келіссөздер өткізді
Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Германия үкіметінің Ресеймен, Орталық Азиямен және «Шығыс серіктестігі» елдерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Германия Бундестагының депутаты Дирк Виземен келіссөздер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 14 Қаңтар, 2020
Маңызды басымдықтар айқындалды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеу, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап берді.
Руханият • 14 Қаңтар, 2020
Бір ғасыр бұрын халқымызға жөн сілтеген Абайдай тұлғаның тағылымы бүгін де маңызын жоймады. Оның білім мен ғылымға шақырған өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы айқын көрініс табады.
Руханият • 14 Қаңтар, 2020
Қазақты сақтап қалған ұлы тұлға
Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін сала отырып, өзі өмір сүрген замандағы әлеуметтік, қоғамдық мәселелерге тереңнен қарап, сол кезеңдегі халықтың қилы тағдырына алаңдаушылығын шығармалары арқылы жеткізіп отырды.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2020
Абай Құнанбайұлы – заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ мәдениеті үшін де, бүкіл түрік әлемі мәдениеті үшін де маңызды тұлға. Ол қазақ тіліне, жалпы руханиятына, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне жаңашылдық пен байлық әкелді, қаламының күшімен әлемді таңғалдырды. Өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақ мәдениеті мен түрік мәдениетін әр қырынан танытты.