Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23175 материал табылды

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Адалбақанның алар орны ерекше

Жазы жайлауда, қысы қыстауда көшіп-қонып жүрген қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй болғаны бел­гілі. Ұлтымыздың көшіп-қону тәжірибесінен туындаған киіз үй – жаздың ыстығы мен қыстың суығынан, күннің ап­табы мен түннің дым-сызынан сақтаған. Көшпелі тұр­ғын үй – тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлылығымен талай ғалымдарды таңғалдырған. Шын­дығында да, жарты сағат ішінде жығып-артуға, жар­ты сағат ішінде көліктен түсіріп, құрастырып алуға болатын мұндай үй бүгінге дейін еш жерде ойлап табылмады десек артық айтқандығымыз емес.

Парламент • 14 Қаңтар, 2020

Өңірлерге сапарлар жалғасып жатыр

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Сын түзелді, тыңдаушым, сен де түзел

«Батыр сөйлей қалса, жауға салған ойранын айтады, Ақын сөйлей қалса, қызық думан тойдағыны айтады», демекші қазіргі кезеңде көкірек көзі ашық, көңілі ояу екі адам сөйлей қалса, білім-ғылым саласындағы қалың елді толғандырған қай-қайдағыны, жай-жайдағыны айтатынын байқап жүрміз. Біреу шындығында мәселенің мәнісін біліп айтады, ал енді біреу «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп түк білмесе де білгішсініп айтады. Бұндайды атам қазақ «Білмейтіндерден білгішсінетіндер жаман», деп шешіп қойған. Мұны бұқаралық ақпарат құралдары да, интернеттегі әлеуметтік желілер де әңгіме өзегіне айналдырғалы біраз болды. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені құстың қос қанаты, яки адамның екі қолы секілді осынау екі сала – бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірінің күні жоқ, бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сәуле-шуағын түсіріп, нәрлі нұрын шашатын қоғам өмірінің, тұтас ел болашағының ең өзекті буыны.

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Аристофан. Ғасырлар үндестігі

Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жылдар бұрын алақандай Грекия бүкіл адамзатқа «өркениет» деп аталатын ұғым­ды құрайтын өмірдің барлық компоненттерін таратты. Тарих, философия, шешендік өнер, заңнама, мем­лекеттік құрылым, демократия, пар­ламенттік басқару, жоғары билік (сенат), сөз бостандығы мен адам құқығы сияқ­ты қоғамның жетілген формасымен қатар театр, драматургия, спорттың олимпиадалық түрін де өмірге алып келді. Қоғам өмірінің дамуында адамзат бұл компоненттерден әлі де алыстап кете қойған жоқ. Ұлы тарихшылар мен философтардың еңбектері күні бүгінге дейін мәнін жоймаған аспандағы адастырмас жарық жұлдыздай барша әлемге нұрын шашып, бағыт сілтеп келеді. Ал Платонның шәкірті, Македонскийдің тәрбиешісі Аристотель болса театр теориясын дүниеге алып келді, бүкіл театр әлемі сол теорияны күні бүгінге дейін басшылыққа алудан бас тарта қойған жоқ. Театртану ілімі мен театр өнеріне байланысты жоғары оқу орындарының бәрінде Аристотель теориясы оқытылып келеді.

Технология • 14 Қаңтар, 2020

Жасанды интеллектімен бетпе-бет

Жақында экономика ғылымдарының докторы Кәрім Мәсімовтің «Келешектің әміршісі. Жасанды интеллект» деген кітабы қолыма түсті. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасына әлемде бизнестің танымал қайраткерлері – экономист, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали, Ресейдің мемлекет қайраткері Герман Греф, тарихшы, саясаткер, стратег Эдвард Люттвак, доктор Ванли Ман, профессор Лин Шао және басқа да тұлғалар жоғары баға берген екен. Доктор Ванли Ман кітаптың маңызын Қазақстан үшін мемлекеттік деңгейде жасанды интеллект арнайы стратегиясын әзірлеуге жолбасшы дайын еңбек деп атап көрсеткен.

Президент • 13 Қаңтар, 2020

Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады

Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортқа шығарушыларды қолдау, интеграциялық үдерістер, ішкі нарықты контрафактілік өнімнен қорғау сияқты министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 13 Қаңтар, 2020

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020

ШҚО: 2020 жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адам АӘК алады

5 қаңтардан бастап облыстың барлық 19 аудан және қалаларында АӘК тағайындау үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарына 4400-ден астам адам кеңес алды, 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілді. Жалпы, 2020 жылдың І тоқсанында  облыста 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.