
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Сенаторлар шымкенттік жастарды дамудың қозғаушы күші болуға шақырды
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласының белсенді жастарымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Ғұмар Дүйсембаев Атыраудағы Оқушылар және жастар сарайында болды
Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев жұмыс бабындағы сапармен Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Махамбет аудандарында болды. Сенатор Құрманғазы ауданында жергілікті тұрғындармен және шекара маңындағы өткізу бекетінің қызметкерлерімен кездесті.
Руханият • 14 Қаңтар, 2020
Елордалық зиялылар Абай шығармашылығын талқылады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы ЖОО ғалымдары, ҚХА Ғылыми кеңес және елордалық этномәдени орталықтардың мүшелерінің қатысуымен «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинар өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
В. Волков Шамалған станциясындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын тексерді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысындағы Қарасай ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Тайынша қаласының тұрғындары жаңа мектеп салу қажеттігін айтты
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Тайынша ауданындағы Тайынша қаласы мен Қарағаш ауылында болды. Кездесуге аудан әкімі, «NurOtan» партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері мен зейнеткерлер қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында болды
Парламент Сенаты Төрағасының Орынбасары Асқар Шәкіров, сондай-ақ сенаторлар Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов депутаттардың аймақтарға сапары аясында Қарағанды облысында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Сенаторлар Байзақ ауданының тұрғындарына жаңа заңдарды түсіндірді
Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиевтің Жамбыл облысындағы жұмыс сапары Байзақ ауданында жалғасты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 14 Қаңтар, 2020
Депутаттар Ақтаудағы ауыз су тапшылығын жою қажеттігін атап өтті
Парламент Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары аясында Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағында болды. Арнайы экономикалық аймақтың басшылығымен кездесу барысында АЭА қызметінің нәтижелері мен оның даму келешегі талқыланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қысқы спорт • 14 Қаңтар, 2020
Анастасия Давыдова стенд атудан Гран-при бәсекесінде 3-орын алды
Кувейтте нысана көздеу мен стенд атудан Гран-при бәсекесі өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт минисиплігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2020
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасы 3%-ға жақсарды
2019 жылдың қорытындыларына сәйкес жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 71%-ке жетті. Өткен жылы ел өңірлеріндегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 68 % құраған болатын. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.