
Тәрбие • 27 Ақпан, 2024
Ұлттық құндылықтардың жарасымы
Әр елдің өзінің жеке-дара, ешкімге ұқсамайтын ұлттық құндылығы бар. Осы құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның Отанға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыруға болады.
Зерде • 27 Ақпан, 2024
Ұлт қайраткерлерін әдеби кейіпкерлердей бір-біріне қарсы қою – әбестік
Тәуелсіздік жылдары ұлт тарихын түгендеуге айрықша еңбек сіңірген тұлғаның бірі – Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948-2021). Ғалымның 20-30 жылдардағы аштық қасіреті, ұлт зиялылары туралы еңбектері таңдаулы классикалық зерттеулер қатарында. «Алаш» тарихи зерттеу орталығында (Алматы) ұлттың генеалогиялық тұтастығы жөнінде ғылыми-жобаларды жүзеге асырды. Абай университетінде, Әл-Фараби университетінде, Ш.Уәлиханов тарих және этнология институтында тарихшы ғалымдарды даярлауға атсалысты. Ол – мектепке арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы. «Қазақ газеттері» құрамына енетін тарихи-танымдық «Ақиқат» журналында қызмет істеді. 4 томдық «Қазақстан (Қазақ елі) тарихын» жазуға жетекшілік етті («Ежелгі өркениеттерді зерттеу орталығы»). Парламент Сенаты әзірлеген көптомдық «Ашаршылық» жинағына қатысты. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жуан ортасында жүрді. Өкінішке қарай, қабілет-қарымы елге қажет шақта әлемге нәубат болып келген пандемия салдарынан бақиға озды. Ғалым қайтарының алдында (5.05.2021 жыл) Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесіп, ой-тұжырымын ортаға салған екен. Ұстазымыздың таспаға жазылып қалған осы сөзін хатқа түсірген едік. Биыл тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің ұлт ғылымына үлкен жаңалық алып келген «Қазақ шаруаларын жекеменшіктен айыру және күштеп ұжымдастыру» («Лишение собственности и насильственная коллективизация казахских крестьян», 1994) атты докторлық диссертациясына 30 жыл толады. Осы тарихи оқиғаны еске сала отырып, «Тарлан» алаңындағы сөзі мен соның жалғасындай жас тарихшыларға арналған онлайн пікірін (11.05.2021 жыл) оқырманға ұсынамыз.
Жәдігер • 27 Ақпан, 2024
Биыл ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайреткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы. Осы жылдарға дейін музей қорында Сәкеннің еңбектерінен бөлек, жеке қолданылған заттары да сақталған. Соның бірі – алтынмен апталған бағалы қалта сағаты.
Еңбек • 27 Ақпан, 2024
Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін тікелей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс істеуге мәжбүр болатыны жасырын емес.
Пікір • 27 Ақпан, 2024
Су шаруашылығының жоғары оқу орны керек
Бүгінде мұрап – ескерусіз мамандықтардың бірі. Мұрап сөзінің түбіне үңілсек, ол – егіс суаруға басшылық ететін тоған басы, суды егістікке бөлетін арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман. Ғылыми тілде айтқанда – инженер-гидротехник.
Пікір • 26 Ақпан, 2024
Былтыр жүргізілген әлеуметтану зерттеулер қорытындысы ұлттық рәміздеріміздің танымалдығын арттыру аса маңызды екенін көрсетті. Мұны Президент жанындағы Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия да растап отыр.
Өнер • 26 Ақпан, 2024
Заманның көші мен дамуына байланысты кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар мен әдеби кештер өтетін, сондай-ақ сан алуан бағыттағы үйірмелер жұмыс істейтін үлкен рухани ордаға айналғаны мәлім.
Тағзым • 26 Ақпан, 2024
Қазақ Білім академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, еліміздегі жоғары мектеп саласының ұйымдастырушысы Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында айтулы тұлғаның құрметіне ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Ашылу салтанаты аясында «Тұлға және ұлт руханияты» атты ғылыми семинар өтті.
Тұлға • 26 Ақпан, 2024
Бүтін қазақ елінің даналық, ізгілік, көшбасшылық, мемлекетшілдік қасиеттерін болмысына дарытып, философиялық көзқарасын жетілдіріп, ғылым-біліммен, өнермен қуаттанып, қайратты, ғибратты ұйымдастырушылық, жаңашылдық іс-қимылдарымен мемлекетіміздің тарихы мен тағдырына, абыройы мен беделіне өлшеусіз үлес қосқан, заманынан озып туған тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Заң • 26 Ақпан, 2024
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы