Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025
Ұлытау тұрғындарымен экология мәселесін талқылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесті.
Саясат • 14 Қаңтар, 2025
Қазақстан – Қытай белсенді диалогті нығайтуға бейіл
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және палатаның бір топ депутаты Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Сапар аясында Қытайдың Халықтық саяси консультативті кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесулер өтті. Онда парламентаралық ынтымақтастықты нығайту келешегі және алдағы кезеңге арналған бірлескен жобаларды іске асыру міндеттері талқыланды.
Тарих • 14 Қаңтар, 2025
«Қолымды далада жоғалтып алдым» немесе құжаттары құпия деп танылған 106-кавалерия дивизиясы хақында
Ауылда мектепте оқып жүрген кезім. Көктемгі демалыста Көкшетау облысына (қазіргі Солтүстік Қазақстан) қарасты Сырымбет селосынан Дәуқара ауылына келдім. Бақтар күлімдеп көз тартып, ағаштар жамырап, құстар ұя салып, әндетіп тұрған күндер еді. Бір күні Құрманғали ағатайым мені шақырып алып: «Балам, өзіңмен сөйлесетін әңгімем бар» деді.
Тағзым • 14 Қаңтар, 2025
Мекемтас Мырзахметұлы абайтанушы ғалым ғана емес, өмірде де ұстанымы берік, пайымы терең парасат иесі, ойшыл, қайраткер еді. Шаршауды, қажуды білмейтін нағыз ғылымның адамы. Жасы 90-нан асқанда абайтанудағы ең күрделі тақырып – «Абайдың толық адам ілімі» атты зерттеу еңбегін жазды. Абай ілімін жан-жақты қарастырған осы зерттеуі – автордың «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты докторлық диссертациясынан кейінгі ең күрделі жұмыс. Абыз жастағы тұлғаның мұндай күрделі тақырыпқа баруы айтуға ғана оңай.
Тағзым • 14 Қаңтар, 2025
Дүниенің білімін білген, оны өзі мен өзгелердің, елдің, адамзаттың игілігіне пайдаланған ғұлама жан күн іспетті, жарығы мен жылуының рақатын көпке сыйлайды. Бойына осындай қасиет дарыған жанға халық айрықша құрметпен қараған, ісінің игілігіне сүйінген, одан жақсылық тапқан, білімінің тереңдігіне таңданған, содан ғибрат алған. Мұндай ғұлама жанды, дегдар ұстазды іздеп табу оңай емес, көздеп көру қиын. Тек қана ғайыптан дидарласуымыз мүмкін. Біз ақтық сапарға шығарып салған Мекемтас Мырзахметұлы осындай ғұлама жан, дегдар ұстаз, абзал кісі еді.
Спорт • 14 Қаңтар, 2025
Бүгін Италияның Турин қаласында студенттердің дүниежүзілік қысқы универсиадасы басталды. Өскеменнің өжет қызы Аяулым Әміренова универсиада ойындарында еліміздің көк туын шайбалы хоккей шебері Абылайхан Сүлейменовпен бірге ұстап шығады.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2025
Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркияның Халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері, аса көрнекті жазушы, әдебиеттанушы, тарихшы Мұхтар Мағауиннің өмірден озғаны туралы қаралы хабарды ауыр қайғы-қасіретпен қабылдадық.
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Қазіргі таңда жасанды интеллект өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Мысалы, Америкада осы сала қарқынды дамып келеді. Оның нәтижелері өндіріс саласына енгізіліп жатыр. Барлық ел жасанды интеллектіні өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолдануға бет бұрды. Мәселен, Жапония медицина саласында құралдарына ЖИ енгізіп, оларды автоматтандыруға көшкен.
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында елдіктің сара жолына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар жан-жақты қамтылды. Әсіресе қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың мән-маңызы сарапталды.
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
«Ana tili» басылымында жарық көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият оқып шықтым. Мұндағы жұртшылықты толғандырып жүрген көптеген проблеманың ортаға салынып, экономикалық, әлеуметтік маңызды жайттар мен әлі де шешімін табуға тиіс өткір мәселелердің қозғалуы көкейіміздегі көп сауалдың нақты жауабы сынды әсер қалдырды.