
Егемен Қазақстан • 14 Қазан, 2024
Халықтың қарымды қалауы Елімізде АЭС салу керек пе, жоқ па деген мәселеге байланысты бүкіл отбасымызбен №15 мектептегі учаскеге барып, өз таңдауымызды жасадық. Жалпы, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері бізде бірнеше референдум өтті. 1995 жылы Ата заңымызды қабылдағанда да осылайша бүкіл халық болып дауыс бердік. Қателеспесем, бұл егемен ел тарихындағы төртінші референдум болу керек. Мұндай үлкен де келелі мәселелерді ата-бабаларымыз құрылтайда шешетін. Жылына бір құрылтай ұйымдастырылса, сол жерде барлық даулы мәселе дауысқа салынатын. Президентіміз АЭС салу мәселесін де сол ежелгі дәстүрмен халықтың талқысына салуды жөн деп тапқан екен.
Театр • 12 Қазан, 2024
Алматы қаласындағы тұңғыш Мемлекеттік қуыршақ театры – өзіндік дара жолын қалыптастырған өнер ордасы. Бүгінде 90 жылға жуық тарихы бар театр елімізде және шетелдерде өткен республикалық, халықаралық театр фестивальдарында көптеген жүлделі орынға ие болып, топ жарып жүр. Өнер ошағының репертуарының ауқымы кеңейіп, жас балдырғандармен қатар, ересектер аудиториясына да әлемдік классикалық шығармаларды қуыршақ бейнесінде сахналайды. Көрерменге жол тартқан әр қойылым ыстық ықыласқа бөленіп, кәсіби театр мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болып келе жатқаны – қуантарлық жайт.
Шаруашылық • 12 Қазан, 2024
Павлодар облысы – еліміздегі егістік алқаптарының көлемі бойынша 4 орында. Жалпы, егістік көлемі 1,6 млн гектар алқаптың 928,5 мың гектарына – дәнді және бұршақты, 374,3 мың гектарына – майлы, 281,2 мың гектарына – мал азықтық дақылдар, қалғанына көкөніс егілді. Бүгінде облыста картоп толық жиналып, дәнді дақылдар мен көкөністердің 99%-ы жиналды, майлы дақылдар жинау жұмыстары басталды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасының Ақмола облысында іске асырылу барысын тексеріп, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Архив • 12 Қазан, 2024
Орталық мемлекеттік архив қызметімен танысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды.
Қаржы • 12 Қазан, 2024
Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасын қарайды
Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Қаржы • 11 Қазан, 2024
Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қоғам • 11 Қазан, 2024
Роботтехника саласының чемпиондарымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин роботтехникадан әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанған мектеп оқушыларымен жүздесті.
Ұстаз • 11 Қазан, 2024
Мектепте сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен озық үлгілерін мұрат еткендердің бірі Құсиын Айтқалиев еді. Махамбет ауданындағы Алға орта мектебінің директоры болған жылдары оның есімі КСРО көлемінде В.Шаталов, Е.Ильин, Ш.Аманошвили секілді жаңашыл педагогтермен қатар аталатын. Өйткені ол қазақ тілі материалдарын блоктап оқыту әдісін қолданды.
Руханият • 11 Қазан, 2024
Биыл – Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылының 90 жылдығы. Туған ауылымыздың осы торқалы тойы қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғали Кенжетаевтың жеке архивінде сақталған құжаттарын қарап отырып, мына бір естелігін тауып алдық. Түгіскен ауылының арғы-бергі тарихына шолу жасап, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы талайлы тағдыры туралы мол мағлұмат қамтылған екен. Сонымен оқырманды таныстыруды ниет еттік.