Digital • 19 Сәуір, 2025

WhatsApp аккаунтын қалай қорғаймыз?

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

WhatsApp – әлемдегі ең танымал мессенд­жерлердің бірі. Сондай-ақ ол хакерлер мен алаяқ­тардың да басты нысанасы. Олар аккаун­тыңызды ұрлап, жеке хаттарыңызды оқып, тіпті зымиян пиғылын іске асыру үшін нөміріңізді пайдалануы мүмкін. Өзіңізді және деректеріңізді қорғаудың жолын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегіше түсіндіреді.

WhatsApp аккаунтын қалай қорғаймыз?
  1. Екі факторлы аутентификация орнатыңыз. WhatsApp қосымша қауіпсіздік үшін PIN-код орнатуды ұсынады. Егер алаяқтар сіздің телефон нөміріңізге қол жеткізсе де, олар WhatsApp-қа PIN-кодсыз кіре алмайды.

Ол үшін:

  • WhatsApp-ты ашыңыз → Баптаулар (Настройки) → Аккаунт → Екі факторлы аутентификация қызметін таңдаңыз.
  • Алты таңбалы PIN-код орнатыңыз.
  • Құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, оны қал­пы­на кел­тіру үшін элек­трондық поштаңызды қосыңыз.
  1. Күмәнді хабарламаларды ашпаңыз. Хакерлер сізді алдау үшін әлеуметтік инженерия әдістерін жиі қолданады.

Алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері:

  • SMS арқылы келген растау кодын жіберуді сұрайды (Мұны ешқашан жасамаңыз!).
  • «WhatsApp қолдау қызметінен» жалған хабарламалар жібереді.
  • Қауіпсіздік шаралары немесе ұтыс ойыны туралы хабарлап, сілтемені басуды сұрайды.
  1. Мұндайда не істеу керек?
  • Ешкімге растау кодын жібермеңіз.
  • Жеке деректерді жібермеңіз.
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
  1. Жеке деректердің көрінуін шектеуге болады. Алаяқтар сіздің аватар мен статусыңызды пайдаланып, атыңыздан хат жазуы мүмкін.

Құпиялылық баптауларын өзгерту үшін:

  • WhatsApp-ты ашыңыз → Баптаулар → Құпиялылық.
  • Аватар, статус, соңғы онлайн болу уақыты сияқты ақпараттарды көруді «Тек контактілер» немесе «Ешкім» деп шектеңіз.
  1. WhatsApp Web-ке қосылған құрылғыларды тексеріңіз. Егер сіздің аккаунтыңыз белгісіз компьютерде ашық тұрса, алаяқтар хаттарыңызды оқуы мүмкін.

WhatsApp аккаунтыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз, күмәнді хабарламаларға сенбеңіз, жеке деректерді шектеңіз және байланыс құрылғыларды үнемі тексеріп отырыңыз. Қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы сіз алаяқтардан қорғана аласыз.