2026 жылғы 22 наурыз сағат 08:30-дегі жағдай бойынша келесі бағыттарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған:
Ақмола облысы
-
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-407 шақырымы (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы аралығы).
Солтүстік Қазақстан облысы
-
Аталған автожолдың 407-429 шақырымы (Ақмола облысы шекарасы – Чистополье ауылы);
-
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30 шақырым (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Павлодар облысы
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы (Қалқаман жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс).
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Осинов асуында күрделі таулы жағдайларға байланысты 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Шектеу 46-66 шақырым аралығында (Северный ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласына бұрылыс).