Ауа райы • Кеше

Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 2026 жылғы 22 наурызға Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен 13 облыста қауіпті ауа райы құбылыстарын болжайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?

Астана қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады, ал Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, ал солтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, таулы өңірлерде тұман күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кейде тұман түседі.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, күндіз найзағай мен шаңды дауыл болады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында жаңбыр жауып, күндіз найзағай мен шаңды дауыл болады.

Абай облысының оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болады. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады, ал Қарағанды қаласында кейде тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында кейде тұман болады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Қостанай қаласында тұман болады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады, ал Павлодар қаласында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің күші күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында тұман, көктайғақ және күндіз күшейген жел болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысы, оңтүстігі және орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.