
Әдебиет • 10 Тамыз, 2020
Мұхтар ағаның кез келген дүниесі елең еткізсе керек. Даусыз. Өйткені шөпті де, шөңгені де шимайлап, киелі қаламын текке былғамайды. Оймақтай ой айтса да елдік тұрғысынан қозғауы ежелгі мұраты.
Әдебиет • 10 Тамыз, 2020
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Жастарға (үзінді) Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық.
Президент • 10 Тамыз, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген еді. Бұл торқалы той – сол тамаша дәстүрдің жалғасы.
Руханият • 10 Тамыз, 2020
Абай. Зере анамыздың хакімге көрегендікпен қойған осы бір есімі – бүкіл қазақтың бойтұмары іспетті. Ұлы ойшылдың тереңнен тартқан әрбір сөзі ұлтымызды жамандықтан сақтап, абай болуға үндейтіндей. Жүрегінің түбіне терең бойлап, жұмбақ жанның астарлы бір ойының болса да кілтін таба білген оқырманға Абай әлемі – еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық. Әркімнің өз Абайы бар: бірімізге – ақын, бірімізге – философ, бірімізге – композитор, бірімізге – көшбасшы, енді бірімізге – келешекті көре білген көріпкел... Бастысы иісі қазаққа, әсіресе заман дамып, жылдар жылжып, ғасыр озса да асыл сөзі замандасымыздың ойындай алдымыздан шыға келетін біртуар тұлғаны халыққа таныстырып жатудың өзі артық. Сөз басындағыдай атын атасақ жеткілікті. Жүрек сайрайды. Бұл да болса, Абайдың бізбен бірге мәңгі жасайтынына дәлел болса керек.
Абай • 10 Тамыз, 2020
10 тамыз – «Абай күні» деп белгіленіп, мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Ұлы ақынға көрсетілген жоғары құрмет – ұлттық руханиятымыз бен әдебиетімізді дамытуға және сөз өнерін қастерлеуге жасалған тарихи қадам.
Абай • 10 Тамыз, 2020
«Білетінің – бір, білмейтінің – мың да бір...» (Абайға қайта үңілсек)
Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы ұлы ақын жайлы мақаласын марқұм боларының алдында ғана аяқтаған екен. Сырқат салдарынан ауруханадан редакцияға жолдауға мүмкіндігі болмапты. Кеше жазушының жары Сұлухан жеңгеміз үстел үстіндегі сол дайын дүниені бізге әкеп табыстаған еді... Редакциядан
Абай • 10 Тамыз, 2020
Үкіметіміздің 10 тамызды Абай күні деп жариялауы, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға бұл жөнінде тиісті толықтыру енгізу туралы Қаулы қабылдауы, енді жыл сайын 10 тамыз – Абай күні ретінде мерекеленетіні туралы хабар бүкіл қазақ елі сияқты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымын да зор қуанышқа кенелтті. Өйткені Абайға құрмет – бұл тек жеке тұлғаға жасалып отырған көтермелеу емес, бүкіл қазақ халқына, оның руханиятына көрсетіліп отырған құрмет деп білуіміз керек.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Бейнебақылау камералары 120 мыңнан астам бұзушылықты анықтады
Жыл басынан бері Ақтау және Жаңаөзен ҚПБ жедел басқару орталықтарына тұрғындардан түрлі сипаттағы 161-ден астам қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
"Көкшетау қаласының айналма жолын" орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Елімізде жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Көлік басқарушылар республикалық маңызы бар жолдарды неғұрлым ертерек пайдалана алуы үшін мамандар тиісті жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімнен бұрын орындауға тырысып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Сенаторлар ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылады
Сенат депутаттары Динар Нөкетаева мен Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында болды. Орталық ұжымымен кездесуде бұл басым бағыт екенін және оны Мемлекет басшысының өзі бірнеше мәрте атап өткенін айтты.