
Пікір • 14 Тамыз, 2020
Менің репертуарымда Шәмші ағаның әндері мол болғанымен, өмірде ол кісімен көп жолыққаным жоқ. Композиторды ең алғаш 1975 жылы көрдім. Онда Алматыға жаңа келген кезім. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауға қатысатын болдым.
Руханият • 14 Тамыз, 2020
Қазақ ән жанрына табиғи реңк әкелген тума талант Шәмші Қалдаяқовтың терең философияға бойлайтын әндері әлі күнге тыңдаушысын тебірентумен келеді. Менің Шәмші ағамен таныстығыма да 45 жыл сырғып өте шығыпты. Қазақ әнінің падишасы атанған Шәмші аға Қазақ радиосына жиі келіп тұрды. Композитор Әбіләхат Еспаев ағамызды ұстаз тұтып, кеңесіне құлақ түре, жиі сәлем бере келетін.
Әдебиет • 14 Тамыз, 2020
Бәрімізге бір самғау қажет еді...
Бауыржан Үсенов есімі өлең дүниесінде көркемдік пен тазалық, серілік пен бекзаттық мысалымен қалды. Сексенінші жылдары әдебиетке келген тегеурінді буынның топ басынан көрініп, алқа ішінде айшықты боп, достық пен жастық гүлзарында сұлу әнімен, сыршыл жырымен сүйкімі артқан ақын тірі болғанда осы күндері алпыстың асқарына да шығар еді. Небәрі отыз бір жыл ғұмыр кешіп, қысқа ғұмырында көңіл қырқасын гүлге орап, ой құбыласында оттай жанып жыры да қалыпты. Тамызда туған ақынның тамылжытып салған әні, толғантып жазған жыры тұстастарының да, кейінгі жас буынның да ортасынан елеулі бір күйде естіліп жатады. Ақынның алпыс жылдығы алдында топтама өлеңдерін ұсынуды жөн көрдік. Редакциядан
Абай • 14 Тамыз, 2020
10-11 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай күні және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалін ұйымдастырды.
Туризм • 14 Тамыз, 2020
Қай елдерге шығуға рұқсат берілген?
Freedom Finance Life мамандары зерттеу барысында, коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстандықтардың бару мүмкіндігі бар 17 елді белгіледі.
Парламент • 14 Тамыз, 2020
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депуттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы» 2020 жылғы 11 маусымдағы № 351 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті.
Сайлау • 14 Тамыз, 2020
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
2020 жылғы 12 тамызда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы
100 • 14 Тамыз, 2020
Қызыл Қазақстан (Қазақ Республикасын құру жөніндегі Декретке – 100 жыл)
Біздің ел Кеңестер билігі астында 71 жыл өмір сүрді. Осы жылдарда шыңға да шықтық, құзға да құлдырадық, ақыры, сонша уақыт ішінде бастан кешкен барша жеңістеріміз бен жеңілістеріміздің, әсіресе алапат ашаршылыққа ұшырап, шыбынша қырылуымыздың өтеуіне, тәуелсіздік туын көтеруге мүмкіндік алдық. Ал совет өкіметінің басты басшы органдары Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1920 жылғы 26 тамызда шығарған құжаты кеңестік қазақ мемлекеттігінің туған күнін шегелеп көрсеткен тарихи қаулы – Автономиялы Киргиз (яғни Қазақ) Социалистік Советтік Республикасын құру туралы Декрет болатын.
Елбасы • 14 Тамыз, 2020
Үкімет жұмыс орындарын көбейтуі керек
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Экономика • 13 Тамыз, 2020
Кенжелеген саланы көтеретін күш қайда?
«Аспаннан құрым жауса да, құлға ұлтан тимейді» дегеннің керін қазір отандық ауыл шаруашылығынан көріп отырмыз. Былай қарасаңыз, саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар көп. Бірақ сол бағдарламалардың ауыл шаруашылығына тигізіп жатқан шапағаты шамалы. Сол себепті де агросектордағы еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 5 мың доллардан аспай тұр. Мұны агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне қатысты өткен республикалық кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та баса айтты. Өзге елдерде, мәселен көрші Ресейде бұл көрсеткіш бізден 3,7 есе көп болса, Беларусьте 6,7 есе жоғары екен. Осының өзі-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығының басқалармен салыстырғанда қаншалықты кенжелеп қалғанын аңғартады.