
Спорт • 11 Тамыз, 2020
Евгений Худяков: 56 шақырымды жүзіп өткендер сирек
Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде су спортынан Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Виталий Худяковтың Ыстықкөлдің бір жағалауынан екіншісіне дейінгі аралықты жүзіп өткені туралы жазған болатынбыз («56 шақырымды жүзіп өтті?», «EQ», 7 тамыз, 2020 жыл). Біз Виталийдің өзімен тілдесіп көргіміз келген, алайда спортшы ұзақ қашықтықты бағындырып шаршап қалғанын айтты. Сөйтіп спортшының әкесі әрі бапкері Евгений Худяковпен тілдестік.
Руханият • 11 Тамыз, 2020
Хакім армандаған толық адамның үш қасиеті
Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Әрине бір күнмен бүкіл Абай мұрасын халықтық деңгейде насихаттай алмаспыз. Әйткенмен де, осы қаулының өзі біз күткен игі істің бастамасы деп қабылдадық. Бұл – күллі ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, адамгершілік пен ізгілікке үндеп, «біріңді қазақ, бірің дос» тұтуға шақыратын күн.
Руханият • 11 Тамыз, 2020
Досжан хазірет кесенесі жөнделіп жатыр
Шұбарқұдық маңындағы бұдан 150 жылдай уақыт бұрын салынған, өз кезеңінде осы аймақтағы барша қазақтың сүйініші, сүйеніші, жақсы үміті болған, кейіннен кеңес билігі дүкен, астық қоймасы, мал қора ретінде «пайдаланып», ақырында керексіз ғып қалдырған Досжан хазірет мешіті мен оның айналасында былтырдан бері қызу жұмыстар жүріп жатыр.
Қоғам • 11 Тамыз, 2020
Жаңа оқу жылында оқушыға жаңа тариф
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қашықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұғалімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтады.
Таным • 11 Тамыз, 2020
Алаша хан кесенесінде қазақ хандарының бабасы жатыр
Биыл халықаралық ауқымда кеңінен әйгілі Алтын Орда мемлекетінің құрылуының 750 жылдық тарихына сәйкес келіп отырғандықтан осы ұлы мемлекеттен бізге мұра болып қалған көне тарихи орындарды анықтау аса маңызды. Сондай қасиетті ескерткіштердің бірі – Алаша хан кесенесі. Аты да заты да жұмбақ бұл кесенеде кім жатқаны туралы нақты тарихи деректер табылмағандықтан бүгінде осыған қатысты «болжампаздар» қатары көбейе түсуде.
Парламент • 11 Тамыз, 2020
Әлеуметтік мәселелер басты назарда
Сенат депутаты С.Айтпаева Ақмола облысындағы сапары барысында Жақсы ауылының орталық ауруханасының жұмысымен танысты.
Абай • 10 Тамыз, 2020
"Абай күні" – руханият мерекесі
Абай адамзаттың Абайы. Оның терең пәлсапасы, мазмұнды һәм мағыналы қара сөздері, надан болмай, адам болуға шақыратын мәңгілік шығармалары, рухани мол мұрасы, классикалық әндері күллі адамзатқа ортақ.
Парламент • 10 Тамыз, 2020
Депутаттардың аймақтардағы сапары жалғасуда
Сенат депутаты Р.Әбдікеров жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды. Ол өңірдегі бірнеше ауданның тұрғындарымен кездесіп, құрылыс нысандарына, мектептер мен медициналық мекемелерге барды.
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, жарқын болашаққа жетелеген, сан ғасырлардағы бабалар арманын баянды еткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихымызда алатын орны ерекше. Ел тірегі, ұлт мақтанышы, Ұлы даланың ұлттық ұстанымдарын бойына сіңірген Елбасы 1991 жылы ұлы Абайдың еліне келген сапарында: «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім», деп ұлылыққа тағзым етті. Бұл қазақ халқы үшін, оның ішінде ұлы ақын есімімен аталатын Абай ауданы үшін үлкен құрмет, ерекше мәртебе екендігін айтуымыз қажет.
Руханият • 10 Тамыз, 2020
Біз тарих, қоғам туралы ойланғанда арғы-бергі өткен ойшылдардың пікірлерінен аттап кете алмайтынымыз ақиқат. «Ұят, ұят, ұят – міне бүкіл адамзат тарихы осы!» деген ащы сөзді Фридрих Ницше тегін айтпаған. Бұл сөзден барлық адамзат баласы жасаған күллі күнәлардың баршасы қараңғыдағы шоқтай болып, көздері қызара жылтырап, тесіле қарап тұрғандай сезіледі. «Білімнен асар қазына жоқ, ақымақтан асар жауың жоқ, білімнен биік бедел жоқ, ұяттан артық әшекей жоқ» деген сөзді Сократ айтқан деседі. Ал Абай 36-қара сөзінде ұят туралы айтып келіп: «Ұят кімде болса – иман сонда» деген...