
Саясат • 07 Тамыз, 2020
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі
Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Ж.Қ.Элимановтың қатысуымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады akorda.kz сайты.
Білім • 07 Тамыз, 2020
Жапония мектебі: Ұлттық білім берудің заманауи озық жүйесі
Жапондар – әлемдегі ең еңбекқор халық. Азаматына еңбекқорлық қасиет балабақшадан сіңіп, мектепте бекиді. Ұлттық беріктік іргетасы да – мектептен. Әр адамның өзін өзі қадағалауы, қоғам алдындағы жауапкершілік, ортадағы сыйластық қарым-қатынас бастауы да – мектеп. Білім жүйесі сырттай қарағанда басқа капиталистік елдердің білім жүйесіне ұқсас болғанмен, мәні мен мазмұнына назар салсақ, көптеген ерекшелігі бар.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
43 мыңнан аса адам зейнетке шықты
Биылғы 7 айда 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан аса азамат зейнетке шыққан.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Ойымыз да, бойымыз да биік болуы керек
Күншығыс елінің астанасы Токионың аэропортында жұбайымыз екеуіміз тіркеу орнына асыға басып келе жатыр едік, алыстан, көпшіліктің арасынан биік болып тұрған зор денелі жігіт көзіме оттай басылды. Түр-тұрпаты қазаққа ұқсайды. Іштей: «Япырау, қазақ емес пе екен?», деп ойлағаным сол еді, әлгі алып жігіт маған бұрылып, «Ассалаумағалейкум, аға!» деп қолын ұсынды.
Руханият • 07 Тамыз, 2020
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың аяулы қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл. Отаны үшін отқа түсіп, жас өмірін қиған батыр қызға халқымыздың, сондай-ақ басқа да көптеген елдің құрметі ерекше. Әлияның ерлігіне басын иіп, құрмет көрсететін жұрттың ішінде, әсіресе Ресей халқының орны бөлек.
Абай • 07 Тамыз, 2020
Абай – өз заманының реформаторы, сондықтан қандай iсте де болсын әдiлет пен шындыққа жүгiндi. Ол – өз қоғамының тәлiмгерi. Ұшқыр ойлы жас қауымның рухани жетiлуiне, ел-жұртының өнер-бiлiмге, кәсiпшiлiкке, мәдениетке ұмтылуына, гүлденуiне ересен еңбек сiңiрген «сөзi мен iсi бөлiнбес» қажырлы қайраткер.
Абай • 07 Тамыз, 2020
Абайдың философиялық онтологиясы
Абай ілімін игеру заманауи кезеңдегі қазақстандық рухани болмыс үшін өте маңызды екенін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Egemen Qazaqstanda» жарық көрген іргелі мақаласында айтып кеткені белгілі. Шынымен де, зияткерлік ұлтты қалыптастырудың қайнар көзі – Ұлы даланың рухани байлығын, әсіресе даналыққа толы ғұламалардың ілімдерін терең игеруде екені анық.
Таным • 07 Тамыз, 2020
Бақыт және бақытқа жеткізетін жол
Орта ғасырлық көрнекті ойшылдар, әсіресе гуманитарлық ғылым саласы өкілдері өз шығармаларында адам баласының игілікке, ізгілікке қалай қол жеткізе алатыны туралы көп ойланып, толғанған. Олардың ішінде Отырар перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің жөні бөлек. Оның осы мәселеге қатысты, яғни бақыт туралы пайымдаулардан тұратын екі еңбегі бар. Алғашқысы «Китаб ат-танбиһ ала сабили ас-сағада» – «Бақыт жолын сілтеу жайлы кітап» деп аталса, екіншісі «Китаб тахсил ас-сағада» – «Бақытқа жету жайлы кітап» деген атаумен әйгілі.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Түрме аумағын гүлбаққа айналдырды
Кәмелеттік жасқа жетпей қылмыс жасаған балаларды ұстауға арналған Алматы қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз түзеу мекемесінде бүгінгі күні 41 бала жазасын өтеп жатыр.
Руханият • 07 Тамыз, 2020
Өңірде күрделі экологиялық мәселе көп
Бұрынғы Алға химиялық зауыты аумағындағы химиялық қалдықтарды жою, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» №1 және №2 цехтарының жиналған өндірістік қалдықтарын тазарту, Елек өзенінің 6 валентті хроммен, бормен ластануы, ілеспе газдардың ауада жануы, «Ақбұлақ» АҚ тазартылмаған ағынды суларының Елек өзеніне құйылуы, Ақтөбе түбіндегі су ресурстарының жағдайы, қаланың атмосфералық ауа қабатының ластануы – өңірдің басты экологиялық мәселелері.