
Абай • 13 Тамыз, 2020
«Абай жолы» эпопеясының видеомазмұны жарық көрді
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube арнасында көрермен назарына ұсынылды.
Руханият • 13 Тамыз, 2020
Ұстаз деген ұлағатты ұғымға шын лайықты жандардың игі істерді үндемей жүріп тындыратынына талай куә болдық. Сондай жанның бірі – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, доцент Дәмегүл Баялиева.
Абай • 13 Тамыз, 2020
Абай поэзиясының байырғы түркілік қайнар көздері
Абай ұлттың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдап тұтас ұлттың өзіне айналған – хакім. Сөз жоқ, оның ақын-пайғамбар дәрежесіне көтерілуіне игі әсер еткен, нәр алған құнарлы бастаулары болды. Әдетте, біз Абайдың тәлім алған үш мектебін айтамыз. Біріншісі, Абайға тал бесікте жатқанда бойына сіңген, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс», «Қыз Жібек» сияқты жауһар дүниелері бар сыры терең, сыны кетпес кәусар бұлақ – қазақтың халық ауыз әдебиеті. Екіншісі, ақын мүшел жасқа келіп таныған, Фирдоуси бастаған шығыс шайырларының мөлдір поэзиясы. Үшіншісі, Абайдың ер жетіп, ақыл тоқтатқан шағында өз бетімен ізденіп, оқыған, үйренген орыстың, қала берді Еуропаның классикалық әдебиеті. Осымен Абайдың дәріс алған мектептерін түгендеп болдық па? Жоқ, Абайдың жазба әдебиеттің өкілі ретінде қалыптасуына бірден-бір әсер еткен ежелгі түркі әдебиеті, яғни XI ғасырдағы Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінен, Ж.Баласағұнның «Құдатғу білігінен» бастап тамырын тереңге жіберіп, үзілмей келе жатқан орта түркі дәуірі (Х-ХVғасырлар) жазба ескерткіштері.
Әдебиет • 12 Тамыз, 2020
Анкарада Мұстафа Шоқай туралы кітап жарыққа шықты
Анкарада академик Дархан Қыдырәлінің "Мұстафа Шоқай" атты кітабы түрік тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 12 Тамыз, 2020
ҚР ҚК-де бірыңғай кешенді стратегиялық міндет шеңберінде оқу-жаттығулар жоспарланған
Аппараттық кеңес барысында Ақпарат және коммуникациялар департаментінің жаңа бастығы полковник Қанапиянов Серік Хабдулмүталіұлы таныстырылды. Әскери журналистика және әскери білім беру жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен Львов жоғары әскери-саяси мектебінің журналистика факультетінің түлегі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 12 Тамыз, 2020
Доллар бағамы тұрақталып келеді
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 417,99 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Экономика • 11 Тамыз, 2020
Қосымша құн салығын көтеруге негіз бар ма?
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қазақстанның салық саясатын жетілдіру мәселесі коронавирустық індеттен туындаған дағдарысқа дейін де күн тәртібінде тұрды. Елдегі қазіргі макроэкономикалық ахуал толығымен бұл мәселенің өзектілігін көрсетті және осыған байланысты шешімдердің бірі ретінде кейбір сарапшылар, оның ішінде саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалар да КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемесін 24 пайызға, ҚҚС-ты (қосымша құн салығы) 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды.
Абай • 11 Тамыз, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы абайтану ілімінің ғана емес, қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелеріне арналған. Мақалада Абайды тану – барға бас шұлғып, ат басын тежеу емес, кез келген ғылым саласы сияқты оның да үнемі жаңа деректермен, соны пікірлермен толықтырылып отырылуы күтулі заңдылық екені айқын көрсетілген. Абай әлемі – тұтас бір дәуірді қамтитын рухани мұра болса, Абайды тану – белгіліден белгісізге қарай үздіксіз, үзіліссіз сатылап дамитын үдеріс. Ғылым тек қана күдіктен тумақ, тың ізденістерге жол ашпақ.
Абай • 11 Тамыз, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай – рухани реформатор" атты еңбегі өзінің терең мазмұнымен, сарабдал салмақтылығымен ерекшеленеді. Мақалада осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбегі арқасында ЮНЕСКО шешімімен Абайдың 150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өткендігі баяндалады. Арада ширек ғасыр өтті. Қоғам дамуда. Бүкіл әлемде алуан түрлі өзгерістер орын алуда. Ал, мұның өзі АДАМ-ҚОҒАМ-САНА-УАҚЫТ төрттағанының дүние жүзінде алапат геосаяси ахуал қалыптасуына қазіргі таңда алғышарттар жасап отырғаны мәлім.
Қоғам • 11 Тамыз, 2020
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вирусқа қарсы вакцина салдырды. Вакцина Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.