
Әдебиет • 12 Қараша, 2024
Бейімбет Майлин шығармаларына Қостанай атырабы, арнасы толған Торғай, Тобылдың тасасы мен ағысы баяу Аят өзені жағалауына қонған жұрттың тіршілігі арқау болды. Осы бір үш өзеннің сағасына жиналған ауыл адамдарының аңғалдығы, сенгіштігі, күнәмшілдігі бүтін қоғамның бейнесі іспетті.
Туризм • 12 Қараша, 2024
Ішкі туризм неге дамымай отыр?
Ішкі туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың осы саладағы басым бағыттарының бірі. Елімізде жергілікті туристік ортаның имиджін қалыптастыру, тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстар кейінгі жылдары жүйелі жүргізіліп келеді.
Зерде • 09 Қараша, 2024
Бір ауыз орыс тілін білмеген әкем он алты жасында білім қуып, Мәскеуге оқуға түсті. Алты айдың ішінде орыс тілін меңгеріп, Ленин атындағы кітапханаға адаспай бара алатындай жағдайға жетіпті. Мәскеуде бастан кешкен оқиғалары туралы жиі әңгімелеп отыратын. 1953 жылдың наурызында бір топ курстасымен Тарих және архив институтының төбесіне шығып, Сталинді жерлеу рәсімін көргенін айтқаны жадымызда әлі тұр.
Мирас • 09 Қараша, 2024
Адай жылқысы: патент иесі кім?
Алматы зооветеринарлық институтын бітіріп, туған жерім Маңғыстау облысына келіп, қызметке араласқаннан бастап алдыма қойған мақсатым – ата-бабамыздан аманат-мұраға қалған Адай жылқысына асыл тұқым мәртебесін алу болды. Осы мақсатыма қол жеткізуді көздеп ғылыммен айналысып, еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жүргіздім. Бұл нәтижесіз болған жоқ, жылқымыздың өнімдік бағытына қарай сипаттамалары әзірленіп, жаңа мемлекеттік стандарты қабылданды. Бірнеше селекциялық жетістік пен жаңа технологияны өндіріске енгізіп, патент алдым.
Мирас • 09 Қараша, 2024
Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы Троицк қаласында Зайнулла Расулев медресесінің жанынан қазақ балаларына арнап өз қаражатына оқу корпусы мен жатақхана салдырған.
Қоғам • 08 Қараша, 2024
Ізгі қоғам іргесін қалайтын кеңес
Бүгінгі ана құшағындағы сәби – ертең ел іргесін нықтайтын, шаңырағын ұстайтын азамат. Сол азаматтың тілін, ел тарихын білуі, салт-дәстүрін қадірлеуі, бойына ұлт намысын сіңіруі ең алдымен анаға байланысты. Өрелі ананың бауырынан өрген ұрпақ осы қасиеттерді бойына сіңіреді әрі замана бәйгелерінде бақ сынауға қабілетті болып өседі. Дегенмен кейінгі жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық, ананың балаға деген ықыласы мен көзқарасы, балалардың суицидке бейімдігі сияқты мәселелер туындап жатыр. Аналар кеңесінің құрылуына себеп болған – осындай келеңсіздіктерден туындаған «Ғасырлар бойы қалыптасқан ана мектебін жойып алсақ, болашағымыз не болады?» деген ой.
Тұлға • 08 Қараша, 2024
«Өлеңім – өмірім» естелігінде ол: «Мен ертеректің өзінде орысша-қазақша мектеп бітірген қызметкер әкенің арқасында жоқшылық көрмей, мәдениетті семьяда тәрбиелендім» деген дерек береді. Әңгіме Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданындағы Батпақкөл ауылында туған ақын, жазушы, драматург, аудармашы Берқайыр Аманшин туралы.
Сараптама • 07 Қараша, 2024
Әлем жастарының жұмыспен қамтылу деңгейі
Биыл Жастарды жұмыспен қамтудың жаһандық үрдістері (Global Employment Trends for Youth 2024) есебінің жарияланғанына 20 жыл толып отыр. Халықаралық еңбек ұйымы (International Labour Organization, ILO) жастардың лайықты жұмысқа орналасу амбицияларының қаншалықты тиімді іске асатыны туралы уақтылы ақпарат беруге бағытталып келеді. Осылайша, есеп әлемдегі жастардың еңбек нарығындағы орны мен оларға жұмыс орындарын құруды қолдауға бағытталған саяси іс-шаралар барысын зерттеуді мақсат тұтады.
Тұлға • 06 Қараша, 2024
Қазыналы қуатты, шұғылалы шуақты оңтүстік өңірі қазақ әдебиетіне қаншама классик қаламгерлер мен ғалымдарды мырзалықпен сыйлады. Солардың бірі Қансейіт Әбдезұлы десек, ешкім таласа қоймас.
Қаржы • 05 Қараша, 2024
Зейнетақы жинағы – стратегиялық қор
Еліміз 30 жылдан сәл асатын тәуелсіз тарихында жас ұрпақтың ғана емес, қарттардың да болашағын ойлап, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде реформалы батыл шешімдер қабылдап келеді. Соның бір айғағы – бұрынғы ТМД мемлекеттері арасында алғаш рет жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшіп, стратегиялық қадамдарға баруы.