Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Пікір • 30 Қаңтар, 2025

Үкіметке зор жауапкершілік жүктелді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген оты­рысын өткізді. Бұл – жылдың басындағы аса қажетті жиын. Елдегі экономикалық жағдай сарапқа салынды. Мемлекет басшысы түйінді сөзінде Үкіметтің және басқа да құзыр­лы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқ­талды.

Білім • 30 Қаңтар, 2025

Шәкіртақы жүйесі жетілдіруді қалайды

Еліміздегі жоғары білім жүйесі кейінгі жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет білім сапасын жақсарту мақсатында көптеген реформаны жүзеге асырып, студенттерге қолдау көрсету үшін стипендия көлемін арттыруда бірқатар қадам жасады. Дегенмен студенттердің күнделікті өмір сүруі мен шығынын толық қамтамасыз ету үшін берілетін шәкіртақы жеткілікті ме?

Жоба • 29 Қаңтар, 2025

Отандық стартапқа сұраныс жоғары

Қазір отандық ІТ мамандар әзірлеген жобалар әлемдік нарыққа шығып жатыр. Солардың бірі – оқушыларға цифрлық сауаттылықты үйрететін «CodiPlay» платформасы.

Пікір • 29 Қаңтар, 2025

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру – қажетті шара

Қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – жаңа Салық кодексі, тиісінше салық салудың жаңа ережелері. Салық жүйесін қайта қарау туралы шешім соңғы бірнеше жылда тапшылыққа ұшыраған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту қажеттілігімен байланыс­ты. Қазіргі уақытта тапшылық ішкі жалпы өнімнің 2,7%-ын құрайды. Бұл ретте алдағы 2025 жылға бюджеттің кірісі 21,39 трлн теңге, ал шығысы 25,19 трлн теңге болады деп жоспарланып отыр. Жоспарланған тапшылық 4,1 трлн теңгені құрауы мүмкін, бұл келешекте біртіндеп төмендейді.

Пікір • 29 Қаңтар, 2025

Көшбасшы компаниялар тобын қалыптастыратын кез келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының басым бағыттары белгіленді. Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Үкіметке бірлескен күш-жігермен инфляцияны тежеуді және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет • 29 Қаңтар, 2025

Халықтың әл-ауқатының сапасы – басты көрсеткіш

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндап, алдағы кезеңде атқарылар негізгі міндеттерге тоқталды. Жиынға Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.

Пікір • 29 Қаңтар, 2025

Ұлттық мүдденің ұтымды шешімі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына бүкіл елдің назары ауды. Онда мемлекетіміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, алдымызға жаңа ауқымды міндеттер қойылды.

Пікір • 29 Қаңтар, 2025

Ел дамуының басым бағыттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты стра­те­гия­лық міндеттерді белгілеп берді. Президент сөзі биліктің барлық тармағы үшін нақты бағдар болып, еліміз жаңғыру, инновация және орнықты даму жолынан айнымайтынын көрсетті.

Сенат • 29 Қаңтар, 2025

Ғылымды дамыту келешегі талқыланды

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары ғылым қалаларын дамытуға арналған кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген ғылым қалаларын қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасының жобасына Курчатов қаласын қосу мүмкіндігі бас­ты назарда болды.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Керек дерек

Енді пойызда да интернет ұстайды. Қанатқақты жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Eutelsat-OneWeb» компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асқан.