Қоғам • 04 Шілде, 2025

Жетпіс жеті жастағы белесебетші

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл ақсақалмен кездейсоқ таныстық. Әкеден ерте қалған. Сол бала күнінде-ақ анасынан және үш бауырынан айы­рылған.

Жетпіс жеті жастағы белесебетші

Ағайындарының қолында өскен. «Әкемнің діни білімі болыпты. Бір қоржын кітап, қолжазбасы да бар екен. Өкінішке қарай, бәрі жоғалған. Тек Құрмаш деген жақсы аты ғана қалды...» дейді бұл кісі. «Өзіңіздің шын есіміңіз кім?» деп сұраймыз біз. Қуақы шалың: «Сауатты-сауатсыздар жазып берген жеті атым бар. Қайсын айтайын?» дейді. Біз: «Бәрін айтыңыз! Ести жүрейік», дейміз. Ол: «Ал тыңда. Діндар әкем маған Абдуллаһ деп пайғамбар әкесінің есімін берген екен. Одан кейін Абдулхах, Абдоллах, Абдулла, Әбілқақ, Абылқан, Әбілхан... боп кете бардым. Биыл жасым 77-ге шықты. Соның 70 жылында белесебет тебемін. Қысы-жазы. Шымкент химия-технология институтының кешкі бөлімінде оқып, жұмыс істедім. Сол кезде де астымнан белесебет түскен жоқ. 10 жыл мектепте, 25 жыл кәсіптік-техникалық училищеде сабақ бердім. Шайтанарбам мұнда да серік болды. Осы көлікпен көрші-қолаңның ұнын, отынын жеткізіп берген сәттерім бар. Қайбіреу жолда ауырып қалса, әптектен дәрісін әкеп бердім. Мектеп балаларына жол жүру ережесін де үйреттім. Бәрі мені аталап жақсы көреді. Кентаудағы үйімнің жанынан мешіт салынды. Имамы бір қадам жер сұрап еді, мен 3 метр жерімді кесіп бердім. Кейін тағы да сұрады. Мен: «Жер өспейді, қанағат керек», деп оларды сабырға шақырдым...» дейді Әбекең.

19 сәуір – велосипедшілер күні. Ақсақал осы күннің елеусіз қала беретініне қапалы. «Бұл – әрі көлік, әрі денешынықтыру болса, атаусыз қалдырмаған жөн ғой!» дейді сексенге аяқ басқан қария.

 

Ескерген ИМАНБАЙ

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025