Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23686 материал табылды

Пікір • 01 Ақпан, 2025

Газет – маңызды ақпарат көзі

2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні. Бұл күннің мереке ретінде таңдалуының рәміздік мәні бар. Осыдан дәл 112 жыл бұрын, яғни 1913 жылдың 2 ақ­панында Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен ұлт басылы­мы – «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Осы айтулы мереке аясында қазіргі қазақ баспасөзінің ахуалы мен жай-күйі туралы ойымызды ортаға салғанымыз дұрыс секілді.

Пікір • 01 Ақпан, 2025

Басылымдарды тарату ісіне бәсекелестік керек

Бүгінде бүкіл әлем қолымыздағы смартфонға сыйып кетті. Бұл жағдай дәстүрлі БАҚ-тың таралымына кері ықпал етіп, газет-журнал жаздырып алатын адамдар қатарының күрт төмендеуіне әкелді. Өкінішке қарай, бұған қарсы ілкімді бір амал әлі табылған жоқ. Бір қызығы, бізден озық дамыған елдердегі жағдай сәл өзгеше. Иә, жалпы төмендеу үдерісі бар, бірақ дәл біздегідей емес. Газет-журнал әлі де киоскілер мен дүкендер арқылы сатылып жатыр. Демек бұл елдерде газет-журнал оқу мәдениеті сақталып қалған. Халық баспасөзге сенеді, одан өзіне керегін табады.

Тағзым • 01 Ақпан, 2025

Мағауияның бәйтерегі

Тумыс-тағдыры тұрғысынан ғажап, ал шығармашылығы тұр­ғы­сынан азапты да ғажап фәнилік ғұмыр кешкен, әр шығар­ма­сы арқылы ұлт рухты жұртын сүйіндіріп, құл құлықты қор­қау да кекшіл топты күйіндіріп, мысымен басқан, алғашқы импе­риялық өктемдіктің тосқауылы мен солардың можантопай, тоң­мойын батыраштарының тосқауылына бетпе-бет келгеннен бастап, жиыр­ма жасында өзіне: «Мен ұлы қағанаттың ер ұлы, «ел қамын жеген Едігенің» тұқымымын, жасымаймын. Менің мемлекетім – Алтын орда, менің астанам – Сарайшық. Қ­а­ға­нат­тың қалпына келетін күні туады. Мен соның шетін кө­ру­­ге­ тиістімін. Сол үшін ештеңеден қаймықпаймын!», деген сенім­ді сертке ұста­ған, көз жұмарының алдында батыс өңір­дегі сызық­тан сырт қалған қазақ­тар­дың санын есептеп: «Үш жүз мыңға тарта екен. Демек, Алтын орданың шетін уығы шаңырағына шаншылатын заман сөзсіз туады», деп рух­тан­ған Мұхтар Мұқан­ұлы Мағауиннен де көз жазып, көңіл суытып алдық.

Пікір • 01 Ақпан, 2025

Экономикаға инвестиция қажет

Еліміз экономикалық даму үдерісінде оң мен сол соқпақтың бірін таңдауға тиіс жолайырыққа келіп тірелді. Бәрібір ауыр таң­дау жасау керектігін кейінгі 2–3 жылда айқын сезе баста­дық. Мемлекет басшысы да, сарапшылар да Үкіметтен батыл шешімдер мен шаралар талап етіп отыр. Кеңейтілген отырыста біздің енді қалай жүретініміз айқындалды.Ол жаңа қоғамдық келісімнің негізін құрайды деп айта аламыз.

Басылым • 01 Ақпан, 2025

Баспасөздің мұраты айқын

Осыдан екі жыл бұрын 2 ақпан елімізде Ұлттық баспасөз күні болып бекітілген еді. Барша газет-журналдың кәсіби мерекесі ретінде бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ.

Пікір • 01 Ақпан, 2025

Салық базасы кеңейеді

Қазір қосылған құн салығын төлеуші ретінде тір­келу үшін белгіленген жоғары шек – 78 млн теңге. Бұл шекті төмендету қажет. Себебі қазіргі салық заңнамасы бизнестің арнайы салық режімдерін пайдалану арқылы салықтық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Пікір • 01 Ақпан, 2025

Агроөнеркәсіптік кешенді нығайту айқындалды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһанда болып жатқан үдерістердің еліміз­ге тигі­зер жағымды да жағымсыз ықпал-әсерлерін айта келе, бізге оларды еңсеретін тиісті стратегия керек­тігі­не назар аударды. Үкіметтің және басқа да құзыр­лы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттерін пысықтады.

Саясат • 01 Ақпан, 2025

Интеграцияның жаңа мүмкіндіктері

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкімет­тері­нің басшыларымен Одақ шең­беріндегі өзара іс-қимыл­дың негізгі аспектілері мен ын­ты­мақтастықтың келешегін тал­қылады. Онда кедергісіз сау­даны дамыту, іскерлік ахуалды қа­лып­тастыру, туристік әле­ует­ті ашу мәселелері қаралды.

Тұлға • 01 Ақпан, 2025

Сөзіне берік Сейфолла

Ертеректе Тобыл – Торғай өңірінде Шайынғазы Мұхамеджанов деген ақсақал болған. Елімізде ауыл шаруашылығы ісін ұйымдасты­рушы ұжым­шар басшыларының бірі еді ол кісі. Адалдығымен ел есінде қал­ған. Сол Ша­йын­ғазыны аудан басшылығы Пәленбай деген жерге барып артель, мойын­серік құрасын, адамдарды еңбекке жұмылдырасың деп аттан­ды­рады ғой.

Таным • 01 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Атмосферадағы тірі организмдер

Ғалымдар жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында өмір сүре­­тін бактериялар мен саңы­рау­құлақ­тардың ерекше түрлерін тапты.