Пікір • 15 Наурыз, 2025
Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысында көтерілген мәселелердің әрбірі шешімін тауып келеді. Кешегі өткен секциялық отырыста біз бірнеше өзекті жайтты ортаға салдық.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
Бюрократиялық кедергілерді жойған мінбер
Ұлттық құрылтай отырыстарында білім мен ғылым саласына қатысты мәселелерді көтеріп жүрмін. Бір қуанарлығы, төрт мәрте өткен барлық отырыста осы аталған салалар ұмыт қалған емес. Зерттеліп, зерделеніп, тиісті нәтижесін бере бастады. Яғни біздің көптеген ұсынысымыз, білдірген ойымыз ескерусіз қалмай, жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде ғылымды дамыту, ғылымның әлеуетін арттырып, бюджетін көтеру деген сияқты мәселелер назарға алынды.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2025
Астанадағы «Жастар» сарайында Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнерпаздарының концерті өтті.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
«Аrtsport» ауыл балаларына қолжетімсіз
Алқалы жиынның Әлеуметтік-экономикалық секциясы отырысында «Аrtsport» бағдарламасының қаржысын үнемдеу туралы ұсыныс айттым. Мәселен, Қарағанды облысында бұл бағдарламаға бір жылда 4 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Облыс халқының 85 пайызы қалада тұратынын ескерсек, «Аrtsport»-тың қызығын қала балалары көріп жатыр. Ал қалаларда тегін үйірме-секцияларды мәдениет үйлері мен жасөспірімдер сарайы да ұсынады.
Тұлға • 15 Наурыз, 2025
Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, одан кейін үш рет Сенат депутаты болған, айтар сөзі, берер ақылы, көрсетер үлгісі бар жақсымен ой бөлісудің өзі – бір ғанибет. Ол кім еді десеңіздер, жұрт кісісі – Өмірбек Байгелді ағамыз.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
Отанымызды өркендетудің озық үлгісі
Қастерлі Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдағы бағдарын айқындап берді. Онда кейінгі кезде қоғамда қызу талқыланған өзекті мәселелерден бастап еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтар түгел қамтылды.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы дәстүрлі жиын – Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайдың баурайында ұйымдастырылды.
Құрылтай • 15 Наурыз, 2025
Ұлттық құрылтай ортақ мақсат пен игі істерге жұмылдырады
Абылай ханның ақ туы тігілген қасиетті Көкше жерінде, бауырмал Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы жоғары деңгейде өтті. 2022 жылдан бері елдің болашағын айқындайтын стратегиялық институттың біріне айналған жиында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға түсіп, елдің келешек дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар беретін тың ұсыныстар ортаға салынды.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
ЖОО оқулықтары электронды нұсқада шығады
Ұлттық құрылтайдың Білім және ғылым секциясында үнемі осы салаға қатысты мәселелерді көтеріп жүрміз. Ол ұсыныстар ескеріліп те келеді.
Пікір • 15 Наурыз, 2025
Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы керек
Қоғам Ұлттық құрылтайдың нәтижелерінен зор үміт күтеді. Себебі бұған дейін үш мәрте өткен құрылтайдың бәрі бұл мінбердің шын мәнінде мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып, тиімді дәнекер болғанын дәлелдеді.