Үкімет • Бүгін, 10:15

«Tasqyn» жүйесін жетілдіру қадамдары

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы және «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеу жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында қолданыстағы механизмнің тиімділігі сараланды.

«Tasqyn» жүйесін жетілдіру қадамдары

Сурет: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, биыл су тасқыны Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Абай облысының 16 елді мекенінде тіркелген. Соның ішінде 10 жағдай РМК «Қазгидромет» деректері негізінде алдын ала болжанған, 2 оқиға халықаралық GloFAS платформасының мәліметтерімен қамтылған. Ал еріген қар суы мен жер­асты суларының көтерілуіне байланысты орын алған 4 жағдай бойынша болжам жасалмаған.

Жүргізілген талдау нәтижелері жүйені жетілдірудің нақты бағыттарын көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша «Tasqyn» жүйесін жаңғырту кезеңдері мен мерзімдері айқындалды. Сонымен қатар еріген және жауын-шашын суының ағыны параметрлерін ескере отырып гидрологиялық модельді толықтыру, гидробекеттер желісін кеңейту, өзен арналарын батиметриялық түсіру, суқоймаларынан төмен орналасқан өзен учаскелерінде су шығынын болжау, сондай-ақ 2024 жылы салынған бөгеттерді ескере отырып жер бедерінің цифрлық модельдерін жаңарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

Соңғы жаңалықтар