06 Сәуір, 2016

Елбасы Әзербайжан және Армения президенттерімен сөйлесті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.04.2016 ASTАСТАНА. 6 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Армения республикасының президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан Президенті Әзербайжан және Армения басшыларымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті. Екі елдің көшбасшыларымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Минск тобына айрықша рөл беріледі. Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024