Қазақстан • 06 Мамыр, 2024

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі мереке күндерінің тізіміне тағы бір айтулы датаны қосу туралы құжат дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

фото: kazgazeta.kz

Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Түсіндірме хатта атап өтілгендей, жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай барысында берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді.

«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген», делінген қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.