Президент • 05 Мамыр, 2024

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорда баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

«Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», делінген Президент құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар