Референдум • Бүгін, 18:45

Халықаралық байқаушылар: Адамдар референдумға жүрек қалауымен келді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумды халықаралық байқаушылар ашық әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған маңызды саяси оқиға ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Халықаралық байқаушылар: Адамдар референдумға жүрек қалауымен келді

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу барысын бақылау туралы айта келе, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Кеңесінің халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Александр Горошкин ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Сіздің мемлекетіңіздің әрбір азаматы өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды. Бүгін таңертеңнен бастап Астана мен өңірлердегі учаскелерде болып, Қазақстан халқы Конституция қабылдаумен келісетінін немесе келіспейтінін білдіруге, яғни өз ойын айтуға толық мүмкіндігі бар екеніне көз жеткіздік», деді Александр Горошкин Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Қорғаныс жөніндегі Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасы комитетінің төрағасы Андрей Картаполов референдумның өтуімен құттықтады.

Ел азаматтарының 70,98 пайызы референдумда дауыс берді

«Біз адамдардың өз еркімен келгенін көрдік. Оларды ешкім жіберген жоқ. Олар жүрек қалауымен келді», деді спикер.

Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік ассамблеясының байқаушысы өңірлерде адамдардың дауыс беруі сәл өзгеше өтетінін айтты.

«Олар мерекелік көңіл күймен дауыс береді. Біз бірнеше учаскеде болдық. Біз барған әрбір учаскеде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ұлттық киім киген. Барлық жерде музыка ойнап, түрлі ансамбльдер өнер көрсетіп жатты. Яғни дауыс беруге келген адам өз болашағы үшін дауыс беріп жатқанын, елдің дамуы үшін өз таңдауын жасап жатқанын түсінуі үшін барлық жағдай жасалған», деді Андрей Картаполов.
ІІМ ресми өкілі: Референдум барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ

Сондай-ақ спикер ҰҚШҰ ПА байқаушылары тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтты.

Соңғы жаңалықтар