Мәскеудегі учаскеде танымал қазақстандық стендап-комик Евгений Чебатков референдумда дауыс беріп, өзінің азаматтық ұстанымын танытатын сәттен қалыс қалғысы келмейтіні айтты.
«Бүгін ғана мен Челябинскіден ұшып келдім және үйге бармай тұрып, референдумда дауыс беруді шештім. Отанымнан алыс, көп уақыт Мәскеуде тұрып жатсам да, менің сана-сезімім қазақстандық болып қала береді. Қазіргі тұрақсыз және аумалы-төкпелі заманда мен мемлекет өміріне қатыстылығымды сезініп, өзімнің азаматтық ұстанымымды танытатын сәттен қалыс қалғым келмейді», деп пікірін білдірді әртіс.
Айта кетейік, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде тұратын қазақстандықтар республикалық референдумда белсенді дауыс беріп жатыр. Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр.