Экономика • 04 Мамыр, 2024

Қазақстан-Қатар арасындағы тауар айналымы 50%-ға артты

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 4 мамырда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қатар арасындағы тауар айналымы 50%-ға артты

Фото: primeminister.kz

Жиында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға инвестордың іс-қимыл барысы егжей-тегжейлі жазылған жаңа әдістемелік анықтамалық таныстырылды. Енді әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

Бұған қоса «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев қазақ-қатар жұмыс тобының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты тауар айналымында оң динамика байқалады, 2023 жылғы өсім 50%-ды құрады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жалпы құны $18 млрд-тан асатын 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әрқайсысы ілеспе кәсіпорындардың тұтас кластерін құруға бағытталған 17 ауқымды басым жоба тізбесі әзірленді. Аталған тізбені қарастыру барысында туризм және азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жобалар туралы ақпарат тыңдалды.

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың бірқатар өзекті мәселелері қаралды, олар бойынша хаттамалық шешімдер тиісті мемлекеттік органдарға орындауға жіберілді.