Оқиға • 06 Мамыр, 2024

Бурабайда 16 жастағы жасөспірім ағашқа соғылып, мерт болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың 16 жастағы тұрғыны Бурабайда көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Nayzakokshe Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Бурабайда 16 жастағы жасөспірім ағашқа соғылып, мерт болды

фото: shutterstock.com

Кеше, 5 мамырда астаналық 18 оқушы Ақмола облысының Бурабай курорттық ауылына экскурсияға барған. Екі дос велосипед жалдап, серуендеуге шыққан. Жас жігіт тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылды.

Салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған оқушы ес жинамастан оқиға орнында жан тапсырды. 

Ақмола облысының полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Кәмелетке толмаған бала велосипедті жалға алып, ағашқа соғылғаны анықталды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция қызметкерлері.