Қоғам • 06 Мамыр, 2024

Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 мамыр - Жеңіс күніне орай №7502 электр пойызы безендірілді. Бұл пойыз Астана-Павлодар бағытында жолаушыларды тасымалдайды, деп жазады Egemen.kz.

Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты

Фото: «Қазақстан темір жолы» АҚ

Мерекелік пойыз жолсеріктері жолаушыларды салтанатты формамен қарсы алып жатыр. 

Астана-Павлодар бағытында қатынайтын электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыста от кешкен батырлардың ерлігін еске алу мақсатында безендірілген. 

«Құрам Жеңіс лентасының және екінші дүниежүзілік соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқа батылардың суреттерімен безендірілген»,  деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

зз

гг