07 Сәуір, 2016

Жаңа диорама

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
экологическая экспозициятылсымға толы табиғат тамашаларымен таныстырады Шығыс Қазақстан облыстық сәулеттік-этнографиялық және табиғи-ландшафтты қорық-мұражайының экологиялық экспозициясы тың панорамалық диорамамен толықты. Бұл осыған дейінгі диорамалармен бірге өңірдің ерекше табиғи мүйісімен таныс­тырады. – Қызылқұм – ортаазиялық құмды сахараның Күршім ауданында орналасқан солтүстік түкпірдегі соңғы бөлігі. Аға бу­ын­­­ға бұл жер Бөкен құмы атау­ы­­­­мен белгілі, дейді қорық-мұра­жай­дың ғылыми қызметкері, көрнекті өлкетанушы Борис Щер­баков. Қызылқұмның бұл өлкеде 250 миллион жыл бұрын пайда болғанын, оның пайда болуына эолова әсері барлығын, қарапайым тілмен айтқанда желдің әсерімен  түзілген жер бедері екендігін көп­шілік біле бермеуі мүмкін. Та­биғаттанушы Б.Щербаковтың айтуынша, Қызылқұмда жекелеген құм төбелердің биіктігі 50 метр­ге дейін жетеді. Жаңа диорама осы өлкеге тән құпия-сырларды ашады, қып-қызыл құм мен керіш арасындағы тіршілік иелерін таныс­тырады. Яғни, қорық-мұражайға келушілер өңірдің табиғат кеңіс­тігіндегі таң-тамаша қалдырар өзгеше сиқыр әлемді көреді. Оның ішінде Зайсанның солтүстік жа­ғында жатқан, жасы 60-65 миллион жылға жуық Қиын-Керіш, Шекелмес керішті шөл далалары, Алтай Қалбасы сілемдерінің далалы ландшафттары бар. Әрине, Шығыс Қазақстанның шынайы табиғатымен жақын танысуға әркімнің аяғы жете бермейді. Уақыт тапшы болуы, қаржы қолды байлауы мүмкін. Сондықтан, меймандарды өңірдің өзгеше кел­бетімен таныстыруға Сол жа­ғалау кешеніндегі экологиялық экспозицияның ерекше қолайлы екенін айта кеткен абзал. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.  
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024