26 Наурыз, 2016

«Ғасырлар үнінің» ғазалы

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана филармониясы көпшілікке жаңа туындыларды таныстырды Наурыз мейрамы қарсаңында Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында Астана мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің «Ғасырлар үні» атты концерті өтті. Бұл концерт бірнеше жаңа туындылардың алғаш рет орындалуымен ерекшеленді. Оркестрдің көркемдік же­тек­шісі және бас дирижері, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымовтың дирижерлік етуі­мен бірнеше шығармалар орындалды. Соның бірі – Арман Жай­ым­ның фортепиано мен оркестрге арналған «Махамбет» атты № 2 концерттен финал. Бұл туындыны оркестрдің қолдауымен автор Арман Жайымның өзі орын­дап берді. Осы шығарма да көрермендер назарына алғаш рет ұсынылғанын айта кеткеніміз жөн. Мағжан Жұмабайұлының «Батыр Баян» поэмасы бойынша жазылған композитор Дулат Әбілдиновтің «Ба­тыр Баян» музы­калық шығармасы алғаш рет көрермендер назарына ұсы­нылды. Сол секілді композитор Тоғжан Жахиннің «Еділ патша», «Жаңа заман» атты музыкалық поэмаларын елордалықтар жылы қабыл алды. Композитор Мәдина Тұрсын­баеваның «Самға, Астана» әні де ха­лық­аралық байқаулардың лауреаты Күнсұлу Тұрлыбекованың орын­­дауында алғаш рет шырқалды. Бұ­дан кейін оркестр композитор Ардақ Тәңірбергенұлының «Жо­рық­та» шығармасын да алғаш рет тың­дармандарға таныстырды. Дирижерлік жасаған Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов. Бұдан бір-екі жыл бұрын композитор Нұрлан Бекенов қа­зақ­тың өр рухты ақыны, батыры Махамбет Өтемісұлына арнап «Қызғыш құс» деген күй шы­ғарған болатын. Міне, осы күйді аталған оркестр алғаш рет көрер­мендерге тарту етті. Жеке домбы­рада Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Анар Мұз­даханова орындады. Оркестр мен жеке орындаушы арасындағы үй­лесім күрделі күйдің көркін аша түсті. Әнші, республикалық бай­қау­лар­дың лауреаты Данияр Мұ­­қан ком­­позитор Базаралы Түсіп­­жанов­тың «Домбыра» әнін на­қышына кел­тіре шырқап, әнсүйер қауымның қошеметіне бө­ленді. Сонымен қатар, композитор Жанар Жүсіпованың «Гүл­сім ханымға» әні тұңғыш рет шырқалды. Бұл ән Мағжан Жұма­бай­ұлының сөзіне жазылған. Келесі кезекте композитор Арман Жайымның «Әз-Тәу­ке», Төле би кантатасынан «Қарлы­ғаштың әні», Бейбарыс операсынан «Айдананың ариясы» сияқты бірқатар музыкалық шы­ғар­малары орындалды. Бұл шы­ғармалардағы терең тебіреніске толы әндердің сөздерін оркес­трдің сүйемелдеуімен әнші, рес­пуб­ликалық байқаулардың лау­реаты Шахризада Тыныштық көрер­мендерге жеткізді. Әр көрерменнің жанына ша­быт беріп, көңілін күйге бөлеген концертте басқа да әндер шырқалды, күйлер тартылды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024