26 Наурыз, 2016

Қазақстандық әнші

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-2016 Өтегеновәлемге әйгілі музыкантпен келісімшарт жасасты Cee-Lo Green деген лақап атпен танымал болған Томас ДеКарло Коллэвей есімді америкалық әнші, композитор еліміздегі талантты әншілердің бірі Әли Өтегеновпен бір жылға келісімшарт жасасты. Әли тыңдармандарына Prince Ali NeAura деген есім­мен белгілі. Өнер жолын ең алғаш Алматы қала­сында жүріп ән айтудан бастаған. Сондай-ақ, Әли теле­арна­лардағы түрлі шоу­ларға қа­ты­сып, жарыстарда бағын сынаған. Бүгінде 28 жастағы әншіні жастар жағы жақсы таниды. Ол танымал продюсер Баян Есентаевамен де бірлесіп жұмыс істеген. Алайда, бұл серіктестік ұзаққа созылмады. Алдына мақсат қойғыш Әли көлігін сатып, мұхиттың арғы бетінен бір-ақ шығады. Онда ол ресторандарда, түнгі клубтарда ән айтып жүріп, Cee-Lo Green-мен танысқан. Бойындағы талантын байқаған атақты әнші қазақ жігітін Mothership Music продюсерлік орталығына шақырады. Бір жылға жасалған келісімшарт бойынша Әли Өтегенов ал­дағы уақытта клип түсіру, альбом жазу жұмыстарына кірісті. Рэпер, продюсер Томас ДеКарло Коллэвей көпшілікке Goodie-Mob хип-хоп тобының мүшесі ретінде танылған. Бүгінде бірнеше әннің авторы. Шығармашылық жолында біраз жетістіктерге жеткен. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024