26 Наурыз, 2016

«Бүгінгі күннің Робин Гуды» заң жүзінде жазаға тартылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
наручникҚарағандыда бір ұрылар тобы­ның ұрлаған заттарын балалар үйіне тапсырғаны туралы ақпар бұдан бірқатар уақыт бұрын тарап еді. «Бақсам, бақа екен» демек­ші, нағыз кәнігі үш баукеспеден тұ­ратын қылмыстық топты Эдуард Семин деген басқарыпты. Ол бұған дейін қарақшылық шабуыл жа­сағаны үшін түрмеде жазасын өтеп келген басбұзардың өзі екен. Ал бостандыққа шыққаннан кейін жас шамалары 18 бен 20-ның аралығындағы екі сыбайласты тауып алып, өзінің ежелгі ісімен қайта табысқан. Қылмыстық топ негізінен қала шетіндегі гараждарды тонаумен ай­налысып келген. Олар бұл мекен­дердің есіктерін бұзып кіріп, ішіндегі дүние-мүліктің бірін де қалдырмай алып кетіп жүріпті. Бірде олар жайма базардағы темір контейнерге түсіп, құны шамамен алғанда, 1 миллион теңге тұратын киім-кешек пен аяқ киімді үптеп кетеді. Тауардың көптігі сондай, ұрылар оны қайда апарып қоярын білмей сасыпты. Содан ойлана келіп, қолды болған тауардың біраз бөлігін балалар үйі­не апарып, тегін таратып берген. Жетімдер үйінде олар өздерін қайы­рымдылық ісімен айналысып жүрген кәсіпкерлер ретінде таныстырыпты. Алайда, «қайырымды жандар­дың» көп ұзамай арты ашылып қа­лады. Жезқазған қалалық соты топ серкесін үш жылға бас бостанды­ғынан айырса, жанындағы екі сері­гіне екі жылдан жаза берді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы.  
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024