13 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстан әкімі Литва делегациясымен кездесті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 SQO-3 ПЕТРОПАВЛ. 13 қаңтар. Қазақстандағы Литва Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің міндетін уақытша атқарушы Адомас Давалга мен INSOCIUM интегралдық қоғам институтының қызметкерлері Қызылжар өңірінде жұмыс сапармен болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов  мәртебелі меймандарды жылы жүзбен қарсы алып, тоғыз жолдың торабында орналасқан Петропавл шаһарының қазақстандық және ресейлік темір жолдарды біріктіретін ірі теміржол торабы екенін атап өтті.  Өңірдегі пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жайымен таныстырды. «Облыс аграрлық салаға бейімделгендіктен, қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға шетел инвесторларын тартуға әзірміз. Ауыр машина жасау саласы да жақсы дамып келеді», деді өз сөзінде Ерік Хамзаұлы. Адомас Давалга литвалық делегацияның теріскей жаққа келген сапар мақсатын түсіндірді. «Сіздердің қаларыңыз, оның дамуы мен экономикалық өсімі жайлы сырттай естіп, енді жүздесу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен таныстық. Тәжірибе аларлық ерекше құрылым екеніне көз жеткіздік. Түрлі салалар, соның ішінде экономикалық бағытта, мәселен, көлік-логистикалық сала бойынша ынтымақтасу пайдалы болар еді», деді Литва елшісі. Қос тарап кәсіпкерлердің форумын өткізу ұсынысын қолдады. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі. 13.01.2016 SQO-4
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024