13 Қаңтар, 2016

Шығысқазақстандықтар Президенттің мақаласына үн қосып жатыр

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ӨСКЕМЕН. 13 қаңтар. Шығысқазақстандық азаматтық қоғам өкілдерінің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында мемлекетіміздің даму арнасын нақты көрсетіп берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл әбден електеу мен екшеуден өткен бағыт-бағдар еліміз үшін аса маңызды болып отырған 100 нақты қадамды жүзеге асыруға баршамызды үлес қосуға үндейді. Мемлекетіміздің гүлденуі жолындағы маңызды мақаланың мән-мағынасына тоқталған Шығыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсының жетекшісі Олег Чернышов осылай деді. Облыстық ақпараттық орталықта өткен баспасөз мәслихатында билік пен бизнес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша өңірлік Азаматтық Альянс төрағасы Елбасы жарияланымының негізгі ерекшеліктерін атап өтті. «Біздің жолымыз – бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде оны әрі қарай құру. Бізге, қоғамдық ұйым ретінде біртектілік пен бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін құруға қатысу өте маңызды. Бұл азаматтық бастамалар арқылы дамитын мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті диалогтарын қалыптастырады. Қоғамдық құрылымдарды, Қазақстан халқы Ассамблеясын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын насихаттау қозғалысына тарту оң нәтиже беретіні даусыз», деді Олег Чернышов. Оның айтуынша, қоғамдық институттардың табысты дамуына қолайлы қадам ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жаңа өкілеттік берілгенін және қосымша өкілеттіктердің 2016 жылы кезең-кезеңімен берілетінін айтуға болады. Мемлекет басшысы үкіметтік емес секторға үлкен маңыз беріп отыр. Президент «Қоғамдық кеңестер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Ұазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарды қабылдауы азаматтық сектордың жұмысын жетілдіре түсетін болады. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығы.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024