13 Қаңтар, 2016

Шығыс өңірінде Глубокое ауданына жаңа әкім тағайындалды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ӨСКЕМЕН. 13 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Қалихан Байғонысов Глубокое ауданына әкім болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек тәжірибесі мол әкім бұған дейін Катонқарағай ауданын басқарған болатын. Жаңа әкімді аудан активіне аймақ басшысы Даниал Ахметов таныстырып: «Қалихан Байғонысов мемлекеттік органдардардың түрлі саласында қызмет еткен тәжірибесі мол азамат. Ол ауыл шаруашылығы саласын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде біледі. Сондықтан, өзіне жүктелген сенімді ақтайды деген ойдамын», деді. Сондай-ақ, облыс әкімі басқа қызметке ауысқан ауданның бұрынғы әкімі Арман Бекбосыновтың да атқарған жұмысы туралы айтып өтті. Қалихан Байғонысов 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Өскемен қалалық жол-құрылысы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Мәскеудің қазіргі заманғы гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын Катонқарағай ауданының Коробиха кеңшарында қарапайым жұмысшы, автомеханик ретінде бастады. Черняховский атындағы кеңшардың бас инженері, директордың орынбасары, партком хатшысы болып жұмыс істеді. 1994-1996 жылдары Коробиха кеңшарын басқарды. 1998-2001 жылдары Катонқарағай ауданының Белов ауылдық округінде әкім болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болса, кейіннен Бесқарағай ауданына әкім болып тағайындалды. 2013 жылдың шілде айынан 2014 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 2014 жылдың шілде айында Катонқарағай ауданына әкім болып тағайындалды. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024