13 Қаңтар, 2016

Оқ атудан Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды (фото)

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-47 АСТАНА. 13 қаңтар. Алматыда Қазақстан спорттық оқ ату федерациясы президентінің кубогында пневматикалық қарудан оқ атуда Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының армиялық спортшысы Юрий Юрков жаңа рекорд орнатты.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 10 метр қашықтықта атқыш 624,4 ұпай жинап, Әзірбайжанда өткен 2015 жылғы әлем кубогында орнатқан алдыңғы 622,9 ұпайынан асып түсті. Бұл рекорд – армиялық спортшының тағы бір жетістігі. Юрий Юрков – әлем кубогының иегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сонымен бірге ол Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алған.  Былтырдан бері Қазақстан спорттық оқ ату федерациясының рейтингісінде бірінші орында тұр. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштерінде спортқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кеткен жөн. Әскери қызметшілерді әрі қарай дамыту және спортқа баулу үшін былтыр алғаш рет Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының спорттық базасында ҚР Қарулы Күштерінің дене даярлығы және спорт мамандарымен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Мұнда ҚР ҚМ АОСК және дене шынықтыру әскери институтының офицерлері дене даярлығын басшылыққа алу, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және есепке алу жөнінде бірлескен дәрістер мен семинарлар өткізді. Дене даярлығы бойынша сабақтарды өткізудің педагогикалық негіздерін, әскери қызметшілердің дене тұрғысындағы қасиеттерін дамыту әдістемелерін, медициналық қамтамасыз етуді қарастырды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024