13 Қаңтар, 2016

Ауғанстанда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-01-2016-AvganistanАСТАНА. 13 қаңтар. Ауғанстанның Кандагар қаласында теракт ұйымдастырмақ болғандардың ізіне түскен құқық қорғау органының қызметкерлері жарылыстың алдын алды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қақтығыс кезінде, содырлар тобынан 4 адам қолға түсіп, алтауы түрлі жарақат алды. Ал құқық қорғау органының қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, оқиға сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясына қарасты Горак елді-мекенінде болды. Тәртіп сақшылары ұсталғандардан қару-жарақаттың түр-түрін тәркіледі. Арасында өзін-өзі жарып жіберушілердің белдігі, сондай-ақ, жарылғыш заттарға толы автокөлік бар. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024